АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ақтөбе облысында қазіргі заманғы жылыжай кешені салынады

Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия инвестициялық қоры Қазақстанда құны 12 млн.АҚШ доллары тұратын қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысына инвестиция салды, деп хабарлады «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы12 Қазан , 09:54

«ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ, Венгрияның «Эксимбанк» және  CCL Capital басқарушы компанияның қатысуымен құрылған Тікелей инвестициялардың Қазақстан-Венгрия қоры Ақтөбе облысында құны 12 млн.АҚШ долларының жоғары технологиялық жылыжай кешені құрылысы бойынша жобаға инвестиция салды.   

CCL Capital атап өтілгендей, жылыжай кешенінің құрылысы үш жыл бойы кезең-кезеңмен жүргізілетін болады. Жоба KUBO Group (Нидерланды) компаниясының Ultra Clima бесінші буынның технологияларын пайдалану арқылы жартылай жабық жылыжай тұрғызуды болжайды. Мамандардың бағалауы бойынша, Ultra Clima технологиясы базасындағы кешендер дәстүрлі жылыжайларға қарағанда орташа 20%-ға тиімдірек. Жобамен жалпы алаңы 20 гектар жылыжай кешенінің төрт блогының құрылысы қарастырылған.

Ақтөбе облысындағы алаңы 20 га қазіргі заманғы жылыжай кешенінің құрылысы бойынша жобаны іске асыру туралы FoodVentures (Голландия), «ADM Capital» (Венгрия) және "Green Capital Kazakhstan" ЖШС (Қазақстан)  компаниялары арасындағы үшжақты келісімге 2017 жылғы 25 тамызда Астана қаласында «ҚазАгро» ұлттық холдингімен ұйымдастырылған «AgroInvest Forum 2017» агроөнеркәсіптік инвестициялық форум барысында қол қойылғанын еске саламыз.  

«ҚазАгро» холдингі» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлыбек Малеловтің айтуынша, аталған жобаны тікелей инвестициялар қорының құралдарының қатысуымен  іске асыру өз кезегінде елдің агроөнеркәсіптік кешенінің тартымдылығын дәлелдейді.  Холдинг саланы қаржыландырудың аталған құралын дамытуға қатысты жұмысты жалғастыруға ниетті, ол қаржы қаражаттарын тартып қана қоймайды, және де технологиялардың трансфертін, өндірістің тиімділігін жоғарылатуды, жаңа жұмыс орындарын құруды тұспалдайды, бұл «ҚазАгро» холдингі үшін қызметтің басты бағыттарының бірі болып табылады.

 




Яндекс.Метрика