Экономика

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі қысқа мерзімді экономикалық индикаторы 105,9%-ды құрады

Қысқа мерзімді экономикалық индикатор 2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 105,9% құрады, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 11 Қазан, 20:33

Қысқа мерзімді экономикалық индикаторды есептеу жеделділікті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады және ЖІӨ-ң 60%-н аса құрайтын ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5655,5 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 4,4% артық.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 16137 млрд. теңгені құрды, бұл 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 8,3% өсті. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 11,3%, өңдеу өнеркәсібінде – 5,7%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда – 5,1% артты. Сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда өндіріс көлемі 0,2% төмендеді.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2896,5 млрд. теңгені құрап, 2016 жылғы қаңтар-қыркүйекке қарағанда 1,9% артты.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 104,7%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте жүк айналымының көлемі 402,4 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2016 жылғы қаңтар- қыркүйекпен салыстырғанда 8,1% артты. Жолаушылар айналымының көлемі 200,5 млрд. жкм құрап, 3,4% артты.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Байланыс» саласы бойынша нақты көлем индексі 103%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйектегі «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 103%-ды құрды.

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте бөлшек сауда көлемі 6243,3 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 106,4% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-қыркүйекте көтерме сауда көлемі 13505,7 млрд. теңгені немесе 2016 жылдың тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 101,5% құрады (салыстырмалы бағада).

2017 жылғы қаңтар-тамызда сыртқы сауда айналымы 48736 млн. АҚШ долларын құрап, 2016 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 26,4% артты, соның ішінде экспорт – 30316,8 млн. АҚШ долларын (32,2% көп), импорт – 18419,2 млн. АҚШ долларын құрады (17,9% көп).

2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 405035 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 7,1% артты, оның ішінде 100 адамнан кем қызметкерлері бар – 396189 бірлік. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 251583 құрады, оның ішінде 243221 бірлік шағын кәсіпорындар (100 адамнан кем).

Тұтыну бағасының индексі 2017 жылғы қыркүйекте 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 3,1%, азық-түлік емес тауарларға – 5,5%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге – 4,3% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2017 жылғы қыркүйекте 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда – 8,6% жоғарылады.

2017 жылғы тамызда халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 79469 теңгені құрады, бұл 2016 жылғы тамызға қарағанда 4,3% жоғары, ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде 2,5% төмендеді.

2017 жылғы қыркүйекте бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы бағалау бойынша 148287 теңгені құрады.

2017 жылғы қыркүйекте жұмыссыздар саны бағалау бойынша 438,9 мың адамды құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,9% құрады. Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2017 жылғы қыркүйектін соңына 128,8 мың адамды құрады немесе жұмыс күшіне 1,4%.

 





Яндекс.Метрика