Цифрлы Қазақстан 2020

Елде замануи ақпараттық-коммуникациялық ландшафт құрылды – Д.Абаев

Электр байланысын дамыту жөніндегі бүкіләлемдік конференцияның шеңберінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі бірқатар маңызды кездесу өткізді.
Астана қаласы 11 Қазан, 18:59

Д. Абаев ғарыштық техникаларды шығару бойынша АҚШ және әлемнің ең ірі SpaceX компаниясының Вице-президенті Патрисия Купермен кездесті. Кездесуде байланыс саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.  

 «Қазақстан үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың дамуы өте маңызды. Нұрсұлтан Назарбаевтың саясаты аясында Қазақстанның 25 жылдық тәуелсіздігі жылдарында замануи  ақпараттық-коммуникациялық ландшафт құрылды. Сонымен қатар, 2018 жылы біз ақпараттық коммуникациялық технологиялар дамуының жаңа деңгейіне өтеміз. Мұның барлығы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өтетін болады» - деді Министр.   

Сонымен қатар, Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрі Томинага мырзамен кездесу өткізілді. Кездесу барысында цифрлық технологиялар және телеконтент саласындағы тәжірибе алмасу қарастырылды. 

Ведомство хабарлағандай, бұдан соң, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Д.Абаев Словенияның Вице-премьері Б. Копривникармен кездесіп, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы сервистер платформаларын жасап шығару бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады. 

Күннің екінші жартысында Д.Абаев Бүкіләлемдік электр байланысы конференциясының жоғары дәрежедегі сегментінде сөз сөйледі. Өз сөзінде Министр «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы жайлы айтып, оның мақсаттарымен таныстырды. 

Сондай-ақ, Аргентинаның Федералды БАҚ жүйесінің министрі Э.Ломбардимен және Аргентинаның Ғылым, технологиялар және тиімді инновациялар министрінің орынбасары В.Агуадомен кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында медиа саласындағы ынтымақтастық бойынша мәселелер талқыланды. 

Айта кетейік, Д. Абаев және Э.Ломбарди бұдан бұрын Астана қаласында, ЭКСПО-2017 мегажобасының аясында кездесу өткізген болатын.  





Яндекс.Метрика