Парламент

Сенат Комитеті Жоғарғы Сот судьялары лауазымына жаңа үміткерлердің кандидатурасын қарады

Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысында Мемлекет Басшысымен ұсынылған Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьялары лауазымына үміткерлер Гүлмира Жүсіпбекова мен Асқаржан Кенжеғариннің кандидатуралары қаралды. Қарау қорытындысы бойынша оларды сайлау туралы мәселені Палата отырысына шығару туралы шешім қабылданды.
Астана қаласы 11 Қазан, 17:14

Сондай-ақ Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы  25 қазандағы Сауд Арабиясына сапары барысында Эр-Риядта қол қойылған Қазақстан-Сауд құқықтық салаларындағы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы талқыланды.

Нақтырақ айтқанда, депутаттар  «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарады.

Сенаттың баспасөз қызметі хабарлағандай, келісім әрбір уағдаласушы мемлекеттін өзінің аумағында жүрген ұстап беруге әкелетін қылмыстар үшін күдік келтірілетін, айыпталатын немесе сотталған кез келген адамды қылмыстық жауапкершілікке тарту немесе сот үкімін орындау мақсаттарында ұстап беруіне бағытталған.

Келісімде адамды ұстап берудің және одан бас тартудың негіздері көзделген.

Комитетің қарауына сондай-ақ, «Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабиясы Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы да шығарылды.

Тараптар екінші тараптың азаматтарына қатысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау немесе сотталған адам азаматы болып табылатын мемлекетте жазаны орындауды жалғастыру мақсатында барынша ынтымақтасуды жүзеге асырады. Келісімнің ережелеріне сәйкес Тараптардың әрқайсысы екінші Тарапқа оның аумағында екінші Тараптың кез келген азаматына қатысты шығарылған, бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейтін, соттың заңды күшіне енген үкімдері туралы дереу хабарлауға міндеттенеді.

Талқылау барысында сенатор Дулат Құсдәулетов Қазақстанның шет елдермен ратификацияланатын келісімшарттық қарым-қатынас тәжірибесінде алғаш рет роман-герман және мұсылман заңдарының нормаларына негізделгенін атап өтті. Депутаттың айтуынша, Қазақстан Сауд Арабиясымен ұқсас келісімдер жасаған ТМД-дағы алғашқы ел.

Құжат Палата қарауына жіберіледі.

 





Яндекс.Метрика