Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшу елімізді жақсылыққа бастайды – Бақытбек Смағұл

Латын әліпбиіне көшу біздің елімізді жақсылыққа бастайды. Бұл туралы Ruh.kz порталының тілшісіне берген сұхбатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл хабарлады.
Астана қаласы 11 Қазан, 14:13

«Қандай хан болсын, патша болсын ол өз елінің болашағын ойлағанда ұрпағын, жастарын ойлайды. Бүгінгі тәуелсіз таңында барша жетістігіміздің барлығы халық ынтымағының нәтижесі. Қазақстан баянды түрде бағамдап, бағыттардың барлығын қосып алған. Ешқашан  халыққа қарсы реформа Мемлекет басшысының бастамасымен жүргізілген емес. Сондықтан да, Ата заңның шығарылуы халықпен сүйемелдеуі, тіпті латын әліпбиіне көшудің халықтың талқылануына ұсынылуының өзі саралап, таразылап тартылған дүние. Бұл кезекте бодандықтан арылуымызға сеп болады», - деді сөз басында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұл. 

Ruh.kz  хабарлағандай, Қазақстан  латын әліпбиіне көшу туралы шешімді саналы түрде қабылдадық.

«Латын әліпбиіне көшу біздің елімізді жақсылыққа бастайды. Ол технология, заман жетістігінің тілі. Сондықтан да оны Мәңгілік елдің мақсат мұратындағы үлкен бақ деп санаған дұрыс», - ден түйіндеді халық қалаулысы.

Мөлдір Асқарқызы

 





Яндекс.Метрика