Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

Елордада 2017 жылы 100-ден астам көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді

Қаламыздың 105 көшесі орташа жөндеуден өтіп, барлық жөнделген жолдардың ұзындығы 64,8 шақырымды құрайды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.
Астана қаласы 11 Қазан, 17:38

Соның ішінде қала бойынша ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын 34 көшеге, «жақын тұрғын алаптарды» дамыту бағдарламасы бойынша ұзындығы 21,2 шақырымды құрайтын 55 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілген.

«Қала көшелерінің саны 953 мыңнан астам. Қазіргі таңда Астана қаласы көшелерінің жөндеу жұмыстары аяқталу үстінде. Ал, осы жылы 105 көше орташа жөндеуден өтті, барлық жөнделген жолдардың ұзындығы 64,8 шақырымды құрайды. Соның ішінде қала бойынша ұзындығы 33,1 шақырымды құрайтын 34 көшеге, «жақын тұрғын алаптарды» дамыту бағдарламасы бойынша ұзындығы 21,2 шақырымды құрайтын 55 көшеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, «Жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 14 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Астана қаласында осы жылы 11 көше қолданысқа берілді. Атап айтсақ, «Нұрлы жол» темір жол вокзалына апаратын Байтұрснов, Нәжмиденов көшесі. Сол жағалауда көлік ағынының жүйеленуіне септігін тигізуі тиіс Ақмешіт, Түркістан, А-24, А-26 көшелерде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, қолданысқа берілді», деп айтты «Астана қаласының Автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асқар Исаков.

Қаланың Бас жоспарына сәйкес қазіргі күнде екі көпірдің құрылысы жүріп жатыр. Бірі «Нұра Есіл» каналы арқылы екіншісі Есіл өзені бойында. Қазіргі күні қала көшелерінің саны 900 мыңнан астам және барлығы1034 шақырым ұзындықты құрайды. Сонын ішінде 75% асфальт төселген.

«Қазіргі таңда 8 көшеде оң жаққа бұрылу мүмкіндігін беретін жол бөлігін қолданысқа беру көзделген. Бұл дегеніміз көліктердің кедергісіз оң жаққа бұрылуын қамтамасыз етеді. Яғни жолда көлік кептелісінің азаюына септеседі», - дейді Асқар Исаков.

Оның сөзінше оңға бұрылу мүмкіндігін беретін жол бөлігінің құрылысы Кенесары – Уәлиханов, Абай – Уәлиханов, Бөгенбай батыр даңғылы - Уәлиханов көшелерінде аяқталған. Ал, Республика – Бөгенбай батыр даңғылының, Мәңгілік ел – Қонаев, Мәңгілік ел – Достық көшелерінің қиылысын жыл аяғына дейін тапсыру жоспарда.

Мәңгілік ел даңғылы мен 31 көше қиылысында 1500 көлікке арналған 35 000 шм құрайтын автотұрақ салынған.

«Қазіргі күні қаламыз бойынша 43,8 шақырымды құрайтын 19 көшеде құрылыс жұмыстары жалғасып жатыр. Осы көшелер қолданысқа берілгенде қаламыздағы көше жолдарындағы жүктемеге жеңілдік береді», - дейді Астана қаласының автомобиль жолдары басқармасы басшысы орынбасарының міндетін атқарушы Асқар Исаков.

 





Яндекс.Метрика