Жаңа бағыттың экономикалық саясаты

ҚР Президентінің Өкімімен Қ. Бозымбаевқа сөгіс жарияланды

Мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынымы негізінде жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығына тиісті бақылауды қамтамасыз етпеу түрінде көрініс тапқан жүктелген міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаевқа сөгіс жарияланды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Астана қаласы 11 Қазан, 12:12

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЖЖМ нарығындағы қалыптасқан жағдаймен байланысты тәртіптік шаралар қабылдаған болатын. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Сондай-ақ Б. Сағынтаев Елбасының атына энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізген болатын.  





Яндекс.Метрика