Экономика

Жаңа Салық кодексінің идеологиясы сапалы жақсартулардың негізін салады – Дәленов

Ұлттық экономика министрлігінің бірінші вице-министрі Руслан Дәленов дүйсенбіде Алматыда өткізілген жаңа Салық кодексінің жобасын және соған ілеспе заң жобаларын талқылау барысында бұл құжаттарда идеологияның өзгертілгендігін, ынталандырудың енгізілгендігін және әкімшілендірудің жеңілдетілгендігін атап өтті.
Астана қаласы 11 Қазан, 19:33

«Идеология адал салық төлеушінің мүддесін қорғауға бағытталатын болады. Барлық түсініксіз және олқы тұстар салық төлеушілердің пайдасына шешіледі. Барлық туындаған түзетулерді бір заң жобасының аясында шоғырландыру және 1 шілдеден кешіктірмей қабылдау ұсынылып отыр», - деді Дәленов.   

Оның айтуынша,шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолданыстағы арнайы салықтық режимдерді сақтау қарастырылған. Кіріс пен шығыстың есебін міндетті жүргізудің жаңа режимі ұсынылып отыр. Режимді таңдау құқығы беріледі.    

«Геологиялық барлауға инвестицияларды ынталандыру мақсатында коммерциялық табу бонусын, жаңа лицензия үшін тарихи шығындардың орнын толтыру төлемін жою жоспарлануда. Қатты пайдалы қазбаларды барлауды жылдамдату үшін жалдық төлем тетігі енгізіледі», - деді бірінші вице-министр.

Ол қаржы саласын сауықтыру үшін сондай-ақ ынталандыру шаралары ұсынылып отырғандығын атап өтті. Бұл есептіліктің жаңа халықаралық стандарттарына көшуден пайда болған шегерістер. Арнайы инвестициялық келісім шарт аясында (АИК) автомобиль құрастыру және арнайы экономикалық аймақ үшін ҚҚС бойынша жеңілдіктер ұсынылып отыр. Инвестициялық преференцияларды басымдықтағы жаңа жобалар бойынша жұмыс істеп жатқан кәсіпорындарға тарату көзделуде.

Үш бағытты әкімшілендіру, ҚҚС бойынша есепке қоюдың шамасын сақтау, ҚҚС бақылау есебін енгізу,шағын және орта бизнес үшін талап қою мерзімін 5 жылдан 3 жылға қысқарту және басқа да өзгерістер енгізіледі.

«Жаңа идеология, жаңа ынталандырулар және әкімшілендірудің жаңа әдістері сапалы жақсартулардың негізін салып отыр», - деді Дәленов.

Оның сөз сөйлеуінен кейін салықтық қосымшаларды талқылау өткізілді. Іс-шараға бизнес, мемлекеттік құрылымдар және қоғам өкілдері қатысты.





Яндекс.Метрика