Парламент

Әскери зейнеткер 2018 жылы баспанамен қамтамасыз етіледі

ҚР Парламенті Мәжілісінде еліміздегі әскери қызметкерлердің тұрғын үй мәселесін шешуге арналған жаңа алгоритм қарастырылған «Тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңжобасын ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров таныстырды.
Астана қаласы11 Қазан , 11:29

Талғат Мұхтаров атап өткендей, заңжобасының негізгі мақсаты әскери қызметкерлердің баспанамен қамтамасыз ету.

«Әскери қызметкерлердің екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттарына ай сайын тұрғын үй төлемі аударылып отырады. 1 шаршы метрдің құны сәйкесінше аймақтағы талаптарға сәйкес және отбасы құрамы бойынша нормаларға сәйкес адам басына 18 шаршы метрден есептелініп жасақталады. Тұрғын үй төлемдері келісі мақсатта пайдаланылуға болады: ипотекалық несие арқылы тұрғын үй алуға, болашақта сатып алу құқығымен жалға алу баспанасының ақысын төлеуге, үлескерлік тұрғын үйге қатысу үшін жарнаны төлеуге, тұрғын үй жинағын жинақтауға және тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында пайдаланылуға болады», - деп сендірді қорғаныс министрінің орынбасары.

Бірінші кезекте, заңжобасы жиырма немесе одан да көп өмірінің бөлігін әскери қызметке арнаған әскери зейнеткерлерді тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша өзгеде мәселелерді шешуге арналған.

«Олардың басым бөлігі жеке тұрғын үйі және көшіп кетуге мүмкіндігі болмағандықтан  оқшауланған аймақта қызметтік тұрғын үйде тұруға мәжбүр. Ал, тағы бір әскери зейнеткерлер тұрғын үй ұсынылмастан жұмыстарынан босатылған. Осы ретте, бір реттік берілетін жәрдемақыны тұрғын үй берілместен қызметінен босатылған әскерилер 2018 бірақ ала алады, яғни олардың тұрғын үй құқығы толығымен орындалады», - деп атап өтті Т. Мұхтаров.

Талғат Мұхтаровтың айтуынша, заңжобасына сәйкес сәйкесінше аймақта тұрғын үй төлемінің 50% аударылады. Бұл әділ болады, себебі мемлекет әскери қызметкерлердің тұрғын үй және комуналды қызмет ақысын төлейді.

Атап өтер болсақ, ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап әскери қызметкерлердің жалақысы 25%-ға көтерілді.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика