Парламент

Сенат Спикері елдегі бензин тапшылығы туралы өз пікірін білдірді

ҚР Парламенті Сенатының Спикері Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі бензин тапшылығы туралы өз пікірін білдірді. Бұл туралы ол өз твиттерінде жазды.
Астана қаласы 11 Қазан, 11:13

«Үкімет жанар-жағармай материалдарының тапшылығы мен қымбаттауы проблемасын жағдайды сапалы талдау негізінде жүйелі түрде және толық шешуі тиіс», - делінген хабарламада.

Айта кету керек, бұдан бұрын ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ЖЖМ нарығындағы қалыптасқан жағдаймен байланысты тәртіптік шаралар қабылдаған болатын. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мағауов Әсет Маратұлы ҚР энергетика вице-министрі қызметінен босатылды. Сондай-ақ Елбасының атына энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялау туралы ұсыныс енгізілді. 





Яндекс.Метрика