Рухани жаңғыру

Жастар қазақ тілін латын қарпіне көшіруді сөзсіз қолдайды – депутат

Жастар қазақ тілін латын қаріпіне көшіруді сөзсіз қолдайды, деп хабарлады Ruh.kz
Астана қаласы11 Қазан , 10:31

«Тіл – ұлттың жаны ғана емес, ойлау және байланыс орнатудағы басты қаруы.  Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар дәуірінде, IT технологиялар белсенді дамып, цифрандыру жаппай енгізіліп жатқан кезде әлем халықтарының тілдері соған қарай бейімделуде. Оған ұстамдылықпен қарау керек», - деді сөз басында ҚР Праламенті Мәжілісінің депутаты Галина Баймаханова.

Ruh.kz хабарлағандай, жастар әлемді өзінің бір ізділігмен және бәсекеге қабілеттілігімен жаулап алған латын қаріпіне қазақ тілін көшіруді сөзсіз қолдайды.

«Біздің лингвистер қазақ тілінің бар байлығын, әсемдігін беру үшін латын әліпбиін жасақтауда барынша жауапкершілік танытуы тиіс. Тілді дамыту, оның барлық салаларда қолдануын қамтамасыз етуді көздейді. Сондықтан да ол қолдануда ыңғайлы болуы тиіс және қазақ халқының өз тарихында қалыптасқан әлемдітану философиясын беруі шарт. Осы ретте, сала мамандарының халықпен ақылдасуы өте дұрыс, себебі тілдің бар байлығы халық арасында сақталады», - деп атап өтті Галина Баймаханова.

Мөлдір Асқарқызы

 




Яндекс.Метрика