Халықаралық интеграция

Соңғы жылдардағы қазақ-қырғыз қарым-қатынасының даму жолы (ШОЛУ)

Эксклюзив
КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы саяси және экономикалық қарым-қатынастар оң дамып келді. Қазіргі уақытта қырғыз экономикасы соңғы жылдары орын алған саяси күйзелістерден әлі толық түзелмеген. Соңғы он жыл ішіндегі Қазақстан-Қырғыз қарым-қатынастарының даму жолы қандай болғаны жайында «Strategy2050.kz» АА шолу материалынан оқыңыз.
Астана қаласы10 Қазан , 19:37

1991 жылдың басынан бастап бұрынғы кеңес республикалары Қазақстан мен Қырғызстан тәуелсіз даму және нарықтық экономика құру жолына түсті. 25 жыл ішінде екі ел де ішкі өзгерістердің әр түрлі кезеңдерінен өтті. Алайда, бастапқы даму жағдайлары бірдей болғанымен, қазіргі уақыттағы нәтижелер айтарлықтай ерекшеленеді. Әрине, жоғарыда аталған елдерді салыстыру дұрыс емес, себебі олар аумақ көлемінен бастап саяси жүйеге дейін барлық параметрлері жағынан едәуір ерекшеленеді. Бірақ, жалпы, Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынастар басынан бастап саясат пен экономика саласындағы интеграцияның дамуына ықпал еткен айрықша сипатымен ерекшеленіп келген. 

Дипломатиялық қарым-қатынастардың даму жолы

Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 15 қазанда орнатылған болатын. Тәуелсіздік жылдары ішінде 120-дан астам Қазақстан-Қырғыз мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық келісімге қол қойылған, олардың арасында ең маңыздылары – 1997 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қарым-қатынастар туралы шарт.

Олар 2000 жылдан кейін ерекше қарқындылыққа ие болды. 2003 жылы Қырғызстан Президентінің Қазақстанға сапары барысында тараптар Одақтастық қарым-қатынастар туралы шартқа және Екі ел арасындағы экономикалық интеграция бойынша іс-қимыл жоспарына қол қойды.

Қазақстан көрші елді көмірмен, мазутпен және бензинмен қамтамасыз етуде үлкен рөл атқара отыра, оның энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, Қазақстаннан Қырғызстанға астық пен ұн жеткізіледі, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуда маңызды рөл атқарады.

2007 жылғы сәуірде Қырғызстан Президентінің Астанаға ресми сапары екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды кезеңге айналды. Оның қорытындылары бойынша Мемлекетаралық Кеңес аясында екіжақты ынтымақтастықты тереңдету туралы бірлескен мәлімдеге қол қойылды, 2008-2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

Қазақстан бидайдың әлемдік бағаларының көтерілуіне байланысты енгізілген тыйым салуға қарамастан, Қырғызстанға 50 мың тонна бидай жеткізуге міндеттенді.

Сондай-ақ қазақстандық тарап Қырғызстанның азаматтардың тіркеусіз келу мерзімін 90 күнге дейін өзара ұзарту туралы ұсынысын қолдады. Қазақстан арнайы қырғыз азаматтары үшін ТМД елдерінен шетелдік жұмыс күшін ресімдеу рәсімін оңайлатты. 

Екі ел арасындағы және өңірлік ауқымдағы интеграциялық процестерді одан әрі дамыту жолындағы тараптардың қозғалысы мәселелеріне үлкен көңіл бөлінді. Атап айтқанда, тараптар мәлімдемеде Орталық Азия мемлекеттерінің одағын кезең-кезеңмен құру туралы пікірлерін білдірді.

Осылайша, екі бауырлас ел арасындағы қарым-қатынастар өзара тиімді ынтымақтастық және проблемаларды бірлесіп шешу жолында.

Осы жылдары Қазақстан қырғыз халқының жанынан  табылды, әсіресе қиын-қыстау кезеңде  Қырғызстан басшылығының өтінішіне  түсінушілікпен қарап, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге барынша көмек көрсетуге тырысты, азық-түлік, әлеуметтік-маңызды  тауарларды жеткізіп, гуманитарлық көмек те көрсетті.

Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одақ  құрамына кірерінде  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  100 млн доллар көлемінде  техникалық көмек көрсету шешімін қабылдады. Қазіргі таңда техникалық көмекті ұсынуды Парламент ратификациялады.

Гуманитарлық көмек көрсету бойынша Қырғызстанға 20 млн доллардан астам  қаржы  бөлінді, Бішкек пен Ошта ортақ білім беретін екі мектеп ашылды. Қырғызстанға құйылған қазақстандық инвестиция көлемі  820 млн долларды құрады.  Оның нәтижесінде мыңдаған қырғызстандық жұмыспен қамтылды.

Сондай-ақ, инвестиция көлемі артық болар еді, оның қолайсыз ахуалы қазақстандық  кәсіпкерлер қатынасынан болып отыр. 125 мың еңбек мигранты  Қазақстанда тіркеліп, өмір сүруде.  Олар біздің мемлекеттің  әлеуметтік және медициналық  кепілдігімен толық қамтылған.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымы нәтижесінде  қазіргі таңда  Қырғызстанның импорттық кеденнен түсіміндегі үлесі  ЕАЭО бойынша  1,9 пайызды құрап отыр.  Бұл ЕАЭО-ға қосылғалы Қырғызстан бюджетінің біршама артуы болып саналады.

2016 жылы  түсім  187,4 млн долларды құрады. Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы темір жол көлігіне қолжетімділікті реттеу  Келісіміне сәйкес, Қырғызстан Республикасы  темір жол тарифін  2017 жылдың  10 қаңтарынан бастап қолданылып жатыр, ол  Қырғызстанның   қосылу шартындағы уақыттан  8 айға ерте жүзеге асты.

Айта кетерлігі, қырғыз тарапы ЕАЭО аясында ветеринарлық, фитосанитарлық жүйені жүзеге асыруы керек еді, ол әлі орындалмады. Бұл қазақстандық нарық пен ұйымға қауіп төндіреді. Алайда, қазақстандық тарап қырғыз өнімін қазақстандық нарыққа өткізу үшін бірқатар жеңілдікті шараларды жүзеге асырды.

Қырғызстаннан Қазақстан аумағы арқылы Ресейге тасымалданатын тауарлар тізбесі едәуір кеңейтілді.

Қазақстанның қаражатына 100 млн доллар көлемінде техникалық көмек ретінде ветеринариялық және фитосанитариялық-карантиндік посттар жабдықталады, карантиндік және ветеринариялық зертханалар, ветеринариялық препараттарды тіркеу және сертификаттау орталығы салынып, жарақтандырылады.

Қазақстан тарапынан қырғыз тауарларына қатысты қандай да бір шектеу шаралары қолданылмайды.  Қазақстан қырғыз тауарларының еркін қозғалысын қамтамасыз ету бойынша қабылдаған міндеттемелерін толық көлемде орындап келеді. 

Жоғарыда айтылғанның барлығы екі елдің екіжақты ынтымақтастығы аспектілерінің толық тізбесі емес.

Бұдан бөлек, Қазақстан Қырғызстанға су ресурстарына бай ел ретінде қызығушылық танытуда. Кезінде Қырғызстанда ГЭС құрылысын бірлесіп салу туралы келісім жасалған болатын, бұл станция Қырғызстаннан бөлек, Қазақстанның оңтүстік өңірлерін де электр энергиясымен жабдықтайтын болады.

Екі ел де сауданың одан әрі ұлғаюына қызығушылық танытуда. Екі тарап та шекара маңы көтерме-бөлшек сауда нарықтарын құруға ниетті.

Қазіргі уақытта Қырғызстанда экономиканың әр түрлі салаларындағы 400-ге жуық қазақ-қырғыз кәсіпорындары жұмыс істейді.

Алдағы уақытта ағымдағы жылғы 15 қазанда Қырғызстанда сайлау өтеді. Соңғы оқиғалар тұрғысында екі бауырлас елдің қарым-қатынасы одан әрі нығая түседі деп сенеміз.

Қайрат Жандыбаев




Яндекс.Метрика