Рухани жаңғыру

Д. Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтты

Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев латын әліпбиіне көшкен соң .ҚАЗ домендерінің қалай пайдаланылатынын айтып берді.
Астана қаласы 10 Қазан, 18:31

Айта кетейік, латын әліпбиіне 2025 жылы көшу жоспарланып отыр. Яғни, 2025 жылға қарай іс қағаздарын жүргізу, мерзімді басылымдар және оқулықтардың барлығы латын әліпбиінде басылып шығарылады.

Ruh.kz хабарлағандай,  2017 жылдың соңына дейін жаңа графикадағы қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын енгізу жоспарланып отыр.

"Қазақ әліпбиінің бірыңғай стандартталған нұсқасын қабылданған соң министрлік .ҚАЗ домендерін латын әліпбиіне аудару бойынша жұмыстар жүргізеді", - деп түсіндірді Абаев.

 Еске сала кетейік, кеше Нұрсұлтан Назарбаевқа жаңа латын әліпбиі көрсетілген болатын. 





Яндекс.Метрика