Парламент

Сенаторлар Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жұмысына қатысуда

Парламент Сенатының депутаттары Сәуле Айтпаева мен Сергей Плотников Страсбургтегі Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясының жыл сайынғы сессиясының төртінші бөлігіне қатысуда.
Астана қаласы 10 Қазан, 17:34

Еуропа Кеңесінің парламентшілері ЕКПА миссиясының Албаниядағы парламенттік сайлауды байқауы,Әзірбайжандағыдемократиялық институттар мен бұл елдің Еуропа Кеңесіндегі басымдықтары, ЭЫДҰ-ның2016-2017 жылдарға арналған қызметі туралы және Иордания Парламентімен демократиялық әріптестікті дамыту жөніндегі есебін талқылайды.

Сенат хабарлағандай,  жиын барысында ДАИШ-тің адамзатқа қарсы жасалған қылмыстарын қудалау мен жазалау және жаңа генетикалық технологияларды қолдану мәселелері бойынша пікірталас өткізіледі. Сондай-ақ Мьянма рохинджа-мұсылмандары төңірегінде қалыптасқантөтенше гуманитарлық жағдайға қатысты өзекті пікірталас өткізу жоспарланып отыр.

 





Яндекс.Метрика