Инфрақұрылымды дамыту

Астанада күн сайын 700 мың адам автобуспен жүреді

Елордалық жолаушылар көлігі тәулік ішінде 700 мың адамды тасымалдайды. Бұл туралы қаланың ресми сайты қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Нұр-Сұлтан10 Қаңтар , 14:35

«Қалада барлығы 8 автопарк, 941 автобус бар. Біз тәулігіне 669 мыңға жуық жолаушыны тасымалдаймыз. Бұл өте жақсы көрсеткіш, біздің жоспарымыз - 2017 жылға дейін оны бір миллион екі жүз мыңға жеткізбекпіз, яғни 2 есе арттыруды көздеп отырмыз», - деді astana.kz сайтына қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Рашид Аманжолов.

Оның айтуынша, биыл Астана газбен жүретін жаңа 350 автобус сатып алады. Олар мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға бейімделетін болады.

«2014 жылы 350 жаңа автобус сатып алмақпыз, соның ішінде 20% 18 метрлік ұзын «гармошка» автобустар. Бәрі де газбен жүреді», - деді Р. Аманжолов.

Еске салайық, мұнымен қоса, Астанада 2016 жылы БРТ (арнайы салынған жолдармен жылдам жүретін бағыттық автобустар) жобасының бірінші желісі жүзеге асырылады.

 

 




Яндекс.Метрика