Жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосу

Қазақстан ҰҚШҰ әскери құрамының дамуына барынша үлес қосуда – Жақсыбеков

Бүгін Мәскеуде Қазақстан қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Қорғаныс министрлері кеңесі, Сыртқы істер министрлері кеңесі мен ҰҚШҰ қауіпсіздік хатшылығы кеңесінің бірлескен отырысына қатысты.
Астана қаласы19 Желтоксан , 00:00

Отырыс барысында ҰҚШҰ құрамындағы әскери ынтымақтастықты жетілдіру және күшейту, төтенше жағдайларға ұжымдық жедел ден қою жүйесі туралы мәселелер қарастырылды.

Сондай-ақ, бірлескен отырысқа қатысушылар ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің басқарушы органдары мен құрылымдары күштерінің жауынгерлік әзірлігінің алдағы жылға дайындығын, 2015 жылға дейін Ауғанстандағы жағдайдың даму болжамын және осы елден келетін қауіп қатерге қарсы тұру шараларын талқылады.

– ҰҚШҰ-ға қатысушы-мемлекеттер қарулы күштері арасындағы әскери достастықты нығайтуда аз жұмыстар жасалған жоқ. Қазақстан ҰҚШҰ әскери құрамының дамуына барынша үлес қосуда,- деп атап өтті Қорғаныс министрлері кеңесіне төрағалық етуші Қазақстан Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков. – Бұдан былайғы бірлескен жұмысымыз халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік жасамақ.

Қазақстан жыл бойы ҰҚШҰ-ға төрағалық еткендігі белгілі. Алдағы отырыс барысында Қазақстан Республикасы төрағалық ету эстафетасын Қырғызстанға беретін болады. Осыған байланысты ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің сессиясында ҰҚШҰ қорғаныс миистрлері кеңесі мен тұрақты жұмыс істеп тұратын органның ұсыныстарын дайындап шешімдерін жүзеге асыратын Біріккен штабтың жаңа бастығын тағайындау мәселесі қарастырылатын болады.

Қазіргі кезде ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы лауазымын сессия аралық кезеңде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Штабтар бастықтары комитетінің төрағасы генерал-полковник Сәкен Жасұзақов басқарады.

ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер қорғаныс министрлері Кеңесінің отырысы ҰҚШҰ-ға мүше елдер көш басшыларының, ЕврАзЭС пен Кедендік одақтың саммитін өткізудің құрамдас бөліміне айналғаны белгілі. 




Дерекнама

Яндекс.Метрика