Инновациялар

Инновациялық гранттарға өтінім қабылдау мерзімі аяқталды

Инновациялық гранттар беру бағдарламасы бойынша өтінім қабылдау 2017 жылдың 2 қазанында аяқталды. Жалпы, 201 өтінім түсті, оның 118-і технологияны коммерцияландыру бойынша, кәсіпорындарды технологиялық дамыту бойынша 64, 19 өтінім салаларды технологиялық дамыту бойынша түскен, деп хабарлады ТДҰА баспасөз қызметі.
Астана қаласы04 Қазан , 20:34

Инновациялық гранттарды беру процедурасының аясында барлық өтінім алғашқы талдаудан өткізіледі. Одан өткенжағдайда бір-біріне тәуелсіз ұш сараптамаға беріледі. Олар: технологиялық, қаржылық-экономикалық және құқықтық.Сараптамадан сәтті өткен өтінімдер құрамына тиісті салалар бойынша қоғамдық ұйым өкілдері, ҚР Инвестициялар жәнедаму министрлігінің және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері мен Агенттік қызметкерлері кіретін тәуелсіз грантты қаржыландыру комиссиясының қарауына жіберіледі. Шешім дауыс беру негізінде шығады.

Жоғарыдағы процедуралардан өткеннен кейін тиісті шарт бекітіледі. ТДҰА жобаларын сапалы бақылауды іске асыру үшін мониторинг жүргізілетін болады. Онда салықтық есеп пен қаржылық құжаттарға талдау жасалады жәнежобаның бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланады. Кәсіпорындарды аралау арқылы жобаларға мониторингжасалады.

Өтінім берушілерге қойылатын талаптардың күшеюіне қарамастан, биылғы жылы қабылданған өтінімдер саны өтежоғары екенін атап өткен жөн. Агенттіктің бірлескен қаржыландыру үлесі 80-ден 50%-ға дейін төмендеді. Осылайша, грант иегерінің жауапкершілігі жобадағы өзінің қаржы салымдарының мөлшерін 50%-ға ұлғайту есебінен жүзеге асыпотыр. Бұл ықылассыздардың бағдарламаға қатысу тәуекелін азайтады. Бұдан бөлек, үміткердің табысы грант бойынша 3 жыл ішінде жобаның құнын жабуға тиіс.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексіне және 2017 жылғы 7 маусымдағы Қазақстан РеспубликасыИнвестициялар және даму министрлігінің бұйрығына сәйкес «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚИндустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне индустриялық-инновациялық жобаларды бірлесіп қаржыландыруарқылы 3 инновациялық грант ұсынады:




Яндекс.Метрика