Энергияның балама көздерін дамыту

ШҚО-да «Жаңғыз-Солар» күн электр станциясы салынады

Шығыс Қазақстанда күннен энергия алынбақ. Оның құрылыс барысын аймақ басшысы Даниал Ахметов пен испандық «ARESOL» компаниясының басқару директоры Диего Луазес талқылады, деп хабарлады ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан02 Қазан , 15:13

Қуат көзі 30 МВт құрайтын күн электрстанциясының құрылысын келер жылы наурыз айында Жаңғызтөбе кентінде бастау жоспарланып отыр. Диего Луазестің сөзіне жүгінсек, Шығыс Қазақстан күннен жылу алуға қолайлы өңір болғандықтан таңдалған, сонымен қатар «ШҚ АЭК» желілерінің өткізу қабілеті де ескерілген. 

«Жобаның құны 43 миллион доллар шамасында. Қазіргі таңда инвестиция құю жағын қарастырып жатырмыз. Бұл ретте іске бірінші кезекте «ARESOL» компаниясы кіріседі», – деді кәсіпкер.

Облыс әкімі Даниал Ахметов бастаманы қолдап, тезарада оны жүзеге асыру үшін жол картасын дайындауды тапсырды. Келешекте жоба электр көзін дәстүрлі түрде емес, оның балама көзін қолдану арқылы алуға мүмкіндік береді. Күн электрстанциясы 11 мың үйді энергиямен қамтып, көмірқышқыл газының атмосфераға шығуын 15 тоннаға дейін қысқартады деп жоспарланып отыр. 




Яндекс.Метрика