Парламент

Мәжілісте автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы заң жобасы талқыланады

Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы алдағы жалпы отырыстың күн тәртібін нақтылады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 19:58

Халық қалаулыларының назарына ұстап беру туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасы ұсынылады.  

Сонымен бірге, ТМД қатысушы - мемлекеттердің автокөлік құралдарын жымқыруға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялауға қатысты заң жобасы бойынша бейінді комитетке қорытынды әзірлеу мерзімін белгілеу көзделген.   

Сондай-ақ,  Бюрода Палата комитеттерінің көшпелі отырыстарын өткізуге байланысты мәселелер де назардан тыс қалмады. Атап айтсақ, Экономикалық реформа және өңірлік даму  комитетінің 2017 жылғы 19-20 қазанда  Павлодар  облысында және 1-3 қарашада Шығыс Қазақстанда, ал 2017 жылғы 19-20 қазанда Атырау облысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің көшпелі отырыстарын өткізу жоспарланып отыр.  

 





Яндекс.Метрика