Қалаларға шоғырлану

Астанада Bus Lane жобасы жалғасын табады

Астанада көше-жол желісіне жүктемені төмендету және қоғамдық көліктің әлеуетін арттыру бойынша жобалар әрі қарай жалғасын табады, деп xабарлады Астана қаласының әкімдігі.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 20:19

Жаңа автобус жолақтары алдағы уақытта Ш. Уәлиxанов және С. Сейфуллин көшелерінде пайда болады, деді жұма күні "2016-2020 жылдарға арналған Астана қаласын дамыту жөнінде" бағдарламаны іске асыру барысында елорданың көлік кешенін жаңғыртуға арналған "Нұр Отан" қалалық партиясының тыңдалымында "Астана қаласы жолаушылар көлігі басқармасы" ММ басшысы Бекмырза Игенбердинов.

"Қазіргі уақытта іске асырылуы ең қысқа мерзімге жоспарланған 12 жоба белгіленді. Олардың бірі әрі - «BusLane» жобасын жалғастыру. "Бірінші кезекте Уәлиxанов және Сейфуллин көшелері бойынша жобалардың іске асырылуын қарастыруды ұсынамыз. Айта кетейік, әр көше бойынша 25 автобус жүреді. Аталмыш учаскеде қоғамдық көліктің жолаушылар ағыны тәулігіне шамамен 140 мың жолаушыны құрайды,- деді Бекмырза Игенбердинов.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қалада 350 мыңнан астам көлік құралы ресми түрде тіркелген. Өз кезегінде қала ішінде және қала сыртына жүретін көліктерді есепке алғанда- 400-450 мың көлік құралы. 

Елорда тұрғындары жыл сайын орташа есеппен 5%-ға өседі, ал көліктердің саны 9%-ға артады, бұл өз алдына қаланың көлік желісі үшін проблема болып табылады. 

Қазіргі уақытта Астанада 1 405 автобус пайдалануға берілген, 1 119 аялдама кешені қызмет көрсетеді. 370-тен астам бағдаршам нысаны, 2 860 бейнебақылау камерасы жұмыс істейді, 21 мыңға жуық жол белгілері орнатылған. 

Көліктердің көптігіне, жоғары деңгейіне байланысты, жол кептелістеріне орай Астана әкімлігімен 5 бағытқа бөлінген көлік кешенін дамыту бойынша бағдарлама іске асырылуда. Бұл қоғамдық көліктің, басқару жүйесінің дамуы, тыйымдар мен шектеулер, жол инфрақұрылымының дамуы. Әр бағыт жобалардың тізбесін құрайды. 

Қазіргі уақытта Астанада 23 көше бойынша қоғамдық көліктің 76 шақырым белгіленген жолағы іске қосылған. 





Яндекс.Метрика