АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Ауыл шаруашылығы министрлігінде «Сапсан» жедел тобы құрылды

Вице-министрі Ерлан Нысанбаев АШМ баспасөз мәслихатында «Сапсан» ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының қызметіне ішкі бақылау жасау жөніндегі жедел топтың жұмысы туралы айтып берді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 17:32

Ведомство хабарлағандай,  жедел топтың негізгі міндеттері орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, молықтыру және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру жөніндегі қызметіне ішкі бақылау жасау, сондай-ақ қажет болған жағдайда олардың лауазымды тұлғалары тарапынан осы салаларда жасалған құқық бұзушылықтарды анықтау болып табылады.

Е. Нысанбаев жедел топтың құрамы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі А. Мырзахметовпен құрылғанын әрі бекітілгенін атап өтті.

Жедел топ 12 адамнан тұрады. 4 жоғарғы өткішті автокөлікпен, заманауи байланыспен, серіктік байланысты қоса алғанда, нысанды киіммен және табельдік қарумен жабдықталған.

Сонымен қатар, лауазымды тұлғаларының тарапынан жасалған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын анықтау және алдын алу; жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында жасалған құқық бұзушылықтарды, жедел топ ауыл шаруашылығы Министріне растайтын материалдарды қоса тіркеп, ұсынатын болады.

 




Яндекс.Метрика