100 жаңа есім

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы бойынша онлайн-дауыс беруге 300 үміткер жіберіледі

«Қазақстанның 100 жаңа есімі» тізіміне үміткерлерді іріктеу барысы туралы ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев кеңінен айтып берді.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 16:51

«Бүгінде іріктеу арқылы 515 үміткер іріктелініп алынды. Осы ретте, Комиссияның кез келген мүшесі оның пайымынша лайықты деген тұлғаны бұл тізімге енгізе алады. Барлық өтініштер 100esim.el.kz порталында орналастырылған», - деп хабарлады ведомство басшысы.

Дәурен Абаевтың айтуынша, арнайы комиссия 515 үміткердің ішінен 300 адамды одан ары дауыс беру үшін таңдап алады.

«Біз 300 үміткерден тұратын тізімді жасақтау үшін сіздердің ұсыныстарыңызды күтудеміз, олар бұқаралық онлайн-дауыс беруге жіберіледі. Сонымен, алдын ала 2200 үміткер іріктелініп алынды, енді біз жұмыс тобы 515 үміткердің 300 іріктеп алуын күтіп отырмыз», - деп атап өтті министр.

Ағымдағы жылғы 7 маусым - 15 қыркүйек аралығында жұмыс тобының хатшылығына «100esim.el.kz» порталы арқылы Қазақстанның барлық түкпірінен жобаға қатысу туралы өтінімдер келіп түскен болатын. Осылайша, порталда 2200  үміткердің өтінімі орналастырылған. 

Министр отырысқа қатысушыларға барлық үміткерлердің есімін 2 қазанға дейін дайындауды тапсырды.

«Осылайша  менің ойымша Қазақстанда тұратын барлық адамдар өз дауыстарын бере алады. Және де баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз. Халықтық дауыс беруді қазан айының соңына қарай аяқтауды көздеп отырмыз. Дауыстар есептелгеннен кейін Қазақстанның 100 жаңа есімінің тізімі жарияланады», - деп түйді ҚР СІМ.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика