100 жаңа есім

Қазанда «100 жаңа есім» жобасы бойынша қоғамдық онлайн дауыс беру өтеді

Ағымдағы жылғы қазан айында "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы бойынша қоғамдық онлайн дауыс беру өтеді.
Казахстан29 Қыркүйек , 16:37

Астанада ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев пен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Дархан Мыңбайдың қатысуымен "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасына үміткерлерді іріктеу және іске асыру жөніндегі жұмыс және сараптама тобының қорытынды отырысы өтті. 

Отырыс барысында жұмыс және сараптама тобы қызметінің алдын ала қорытындылары жасалды. Қоғамдық онлайн дасуы беру ағымдағы жылғы қазанда «100esim.el.kz» порталында өтеді.

"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының негізгі мақсаты - Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстанның дамуына едәуір үлес қосқан адамдардың нақты тарихтарын мысалға ала отыра, табыстылық, бәсекеге қабілеттілік, прагматизм идеяларын ілгерілету. 

Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 7 маусым - 15 қыркүйек аралығында жұмыс тобының хатшылығына «100esim.el.kz» порталы арқылы Қазақстанның барлық түкпірінен жобаға қатысу туралы өтінімдер келіп түскен болатын. Осылайша, порталда 2112 үміткердің өтінімі орналастырылған. 

Сондай-ақ отырыс барысында Д.Абаев "Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы" жобасын жарықтандырудың ерекше маңыздылығы атап өтті. 




Яндекс.Метрика