ҚР Президентінің Жолдауы

Ақтөбе облысында МЖС механизмдері арқылы 125 жоба жүзеге асырылуда

Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестік пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі механизмдері арқылы 125 жоба жүзеге асырылуда. Жеке инвестициялардың жалпы көлемі 50 млрд. теңгені құрайды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе 29 Қыркүйек, 19:14

Жуырда іске қосылатын мемлекеттік-жеке серіктестік жобаларының қатарында балалар мен ересектерге жоғары мамандандырылған көмек көрсетін «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығы бар. Жоба құны - 3,2 млрд. теңге.

Сондай-ақ, жалпы құны 2 млрд. теңге болатын Неке қию сарайы мен тарихи-өлкетану мұражайының жаңа ғимаратын тұрғызу мен жабдықтау жұмыстары аяқталуға жақын.

Айта кетейік, өңірдегі кәсіпкерлердің әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында Ақтөбеде мұражай саны артты. «Аналарға тағзым» мұражай үйі барлық қазақстандық аналарға тарту ретінде салынбақ. Мұражай кешенінің алдына Ұлы Отан соғысының батыр әйелдері Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспановаға арнап ескерткіш орнатылады.

Президенттің «Туған жер» жобасының  іс жүзінде жүзеге асырылуы болып табылатын көптен күткен Хоккей модулінің ашылуы өткен жазда болды. Бұл - қысқы спорт түрлерін дамыту үшін тәуелсіздік жылдарында салынған өңірдегі алғашқы спорт құрылысы. Жаттығу кешенінде тек хоккейшілерді ғана емес, сонымен қатар, мәнерлеп сырғанау мен шорт-тректің болашақ чемпиондарын даярлайды. Айта кетейік, мұнда орнатылған хоккей қорабы жоғары халықаралық стандарттарға сай және спортпен кәсіби тұрғыда айналысуға арналған.

 Кешен құны құрылысты, құрал-жабдықтармен жарақтандыруды және абаттандыруды есептегенде 544 млн-нан астам теңгені құрады.





Яндекс.Метрика