Экономика

Батыс Қазақстан облысының бюджеті нақтыланды

Батыс Қазақстанда әлеуметтік блок шығындарына және әлеуметтік сала нысандарын дамытуға 762,3 млн. теңге бөлінеді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан29 Қыркүйек , 18:33

Сессияның күн тәртібінде «2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы, облыстағы көші-қон процестерін реттеу қағидаларын бекіту туралы, облыс әкімінің «Батыс Қазақстан облысының құрметті азаматы» атағын беру жөніндегі ұсыныстары туралы мәселелер қаралды.

Облыстық бюджетті 4,7 млрд. теңге сомасында нақтылау ұсынылады. Соның ішінде жеке табыс пен басқа да түсімдер есебінен 1,5 млрд. теңге және бюджеттік бағдарлама әкімшілерінен босатылатын қаражаттар есебінен 3,2 млрд. теңге. Қаражаттарды келесі шығындарға бағыттау жоспарланып отыр.

Әлеуметтік блок шығындарына және әлеуметтік сала нысандарын дамытуға 762,3 млн. теңге, 45 млн. теңге білім гранттарына, Ақжайық ауданындағы аграрлы-техникалық колледжді күрделі жөндеуден өткізуге 26 млн. теңге, Бөкей орда ауданы және  Орал қаласындағы қос білім нысанының құрылысын жалғастыруға 153 млн. теңге, Орал қаласындағы 10 балалар ойын алаңы және кешенінің құрылысына 353 млн. теңге, Зеленов ауданындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын аяқтауға 94 млн. теңге бөлу қарастырылған.

«Сондай-ақ, Орал қаласында алты білім нысаны құрылысының жобалық-сметалық құжаттарын даярлауға 9 млн. теңге, Қазталов ауданы орталығынан музыкалық мектеп құрылысын бастауға 10 млн. теңге, ауыл шаруашылығы шығындарына және қоршаған ортаны қорғауға 200 млн. теңге, облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға 758 млн. теңге, «Өнімді жұмыспен қамту мен жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы аясында бюджетік несиелерді беруге қосымша 558 млн.теңге, коммуналдық шаруашылықты дамытуға 743,2 млн. теңге, көлік инфрақұрылымын дамытуға қосымша 437,7 млн. теңге бағытталды, - деді күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Қайсар Маңқараев.

 

 




Яндекс.Метрика