АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Астанада өтетін ауыл шаруашылық жәрмеңкесіне Павлодар 250 млн теңгенің өнімін жеткізеді

30 қыркүйек және 1 қазан күндері Астана қаласында Павлодар облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 17:57

Павлодар облысының әкімдігі хабарлағандай, Ертіс өңірінің ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілері елордаға жалпы сомасы 250 млн теңге болатын өнім апарады. Жәрмеңке Мұңайтпасов көшесі, 9 мекенжайындағы «Қазақстан» спорт кешенінің тұрақ алаңында өтеді. Павлодар облысының жүзден астам фермері жалпы сомасы 250 млн теңгені құрайтын 900 тонна түрлі өнім апарады. Оның ішінде 105 тонна ет және ет өнімдері, 300 тонна картоп, 260 тонна көкөніс және 240 тоннадан астам басқа өнім бар.

Жәрмеңкені ұйымдастырушылардың айтуынша, павлодарлық өнім елордада үлкен сұранысқа ие. Астаналықтар әсіресе, ет, картоп және көкөністі жақсы алады. Павлодарлық кәсіпорындар елорда тұрғындарына тағамның мол түрін қолайлы бағамен сатады. Аталмыш жәрмеңкеде танымал брендке айналған келесі кәсіпорындар өз өнімін ұсынады: «Рубиком» ЖШС, «Жаңа Роса», «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар – Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС,  «Галицкое» ЖШС,  «Шарбақты Құс» ЖШС,  «Победа» ЖШС,  «Ақтоғай Агро» ЖШС,  «Байет және К» ЖШС.

Астана тұрғындары сапалы өнімді тиімді бағаға сатып алып қана қоймай, сонымен қатар Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымы қоятын концерттік бағдарламаны тамашалайтын болады.





Яндекс.Метрика