Халықаралық интеграция

Қазақстан – Украина: өзара тиімді және теңқұқықты ынтымақтастыққа 25 жыл

Киев қаласындағы Ұлттық Ғылым академиясында Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігімен «дөңгелек үстел» ұйымдастырылды. Оның негізгі тақырыптары Қазақстан мен Украинаның дипломатиялық қатынастары орнатылуының 25 жылдығы мен Қазақстандағы модернизациялық процестер болды, деп хабарлады СІМ.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 19:37

Іс-шараға дипломатиялық миссия басшылары, Жоғарғы Рада депутаттары, Украинаның мемлекеттік органдар басшылары, шығармашылық және ғылыми орта, бизнес қауымдастық мүшелері, БАҚ қатысты.

Өз сөзінде Қазақстанның Украинадағы Елшісі Самат Ордабаев Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзара мүдделерді құрметтеу қағидасына негізделген қос мемлекеттің ағайындық қатынастарын орнатудағы тарихи рөлін баса айтты. Елші қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасының негізгі ережелері, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және экономикалық жаңарулар туралы хабарлады.

Украина Жоғарғы Радасының Қазақстан Республикасымен парламентаралық байланыс тобының жетекшісі, Халық депутаты Руслан Демчак парламентаралық байланыстардың дамуы туралы хабарлады. Ол Қазақстанның басшысын қазақстандық-украиналық қатынастардың «архитекторы» деп атап, екі мемлекеттің арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуге барлық күш-жігерін салу ниетін куәландырды.

Украинаның Білім және ғылым министрінің орынбасары Роман Греба Украина мен Қазақстанның білім алу саласындағы ынтымақтастығының серпінді дамып келе жатқанын, бірақ барлық әлеуеттің жұмсалмай жүргенін айтты. Сонымен қоса, ол «біз Қазақстанның білім алу саласындағы инновацияларын мұқият бақылаудамыз және Украинамен ұқсас жақтарын да байқаймыз, себебі біздің еліміздегі білім алу реформалары да инновациялық, модернизациялық болашаққа жетелеуге бағытталған»,-деді.

Украинаның Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, «ЭКСПО» Ұлттық комиссары Сергей Свистиль Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017» көрмесін жоғары бағалады, украиналық тарап бұл көрмеде жаңғыртылатын энергия көздері саласында өзінің жұмыстары мен ноу-хауларын лайықты ұсынды. Бұл қазақстандық инверсторлармен өзара тиімді шарттар жасасуға мұрындық болды. Біріккен кәсіпорындар құрудың жағымды тенденциясы байқалуда. Өз сөзінде ол басты мақсаты тауар ағымын нығайту және жүктерді тасымалдау, әрі транзит жағдайын жақсарту болып табылатын Сауда Үйлерін құру туралы келісім сауда-экономикалық ынтымақтастық механизмін күшейтудің қосымша жолы екендігін мәлімдеді.

Украиналық академиялық және эксперттік орталар Қазақстанның қойып отырған өршіл мақсаттарын жоғары бағалады. Қазақстанның өмірдің барлық қырларындағы табысты тәжірибесінің халықаралық қауымдастықпен кең танылғанын ерекше атап өтті. Білім бағдарламасына үштілді жүйенің енгізілуі, 100 ең үздік оқулықтардың қазақ тіліне аударылуы мен басқа да шаралар бәсекеге қабілетті мемлекетті құрудың негізгі факторы болатынын сеніммен айтты.

 

 

 

 





Яндекс.Метрика