Рухани жаңғыру

Латын әліпбиін жасақтаушыларға қазақстандықтар 20-дан астам үлгі ұсынды(ВИДЕО)

Латын әліпбиін жасақтаушыларға қазақстандықтар 20-дан астам үлгі ұсынды. Сонымен қатар, азаматтардан аталмыш мәселе бойынша 1600 ұсыныс келіп түсті. Бұл туралы Шаяхметова атындағы тілдерді дамыту республикалық орталығының директоры Ербол Тлешов қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған баспасөз конференциясында хабарлады.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 14:53

«Жаңа жоба Парламентте таныстырылды. Көптеген азаматтар Өзбекстанда, Түрікменстанда, Әзербайжанда қолданылған латын әліпбиін ұсынуда. Біз 26 әріптен тұратын классикалық латын әліпбиін негізге алдық.  Алайда егер біз оларға диакритикалық әріптерді қосатын болсақ ол таза латын әліпбиі болмайды. Шетелде тұратын отандастарымызды қайтадан үйретуге тура келеді», - деп атап өтті Ербол Тлешов. 

Спикер хабарлағандай, жасақтаушылар қазақстандықтардан өте қызықты ұсыныстар жинақтауда.

«Жасақтаушылар қазақстандықтардан 20-дан астам қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын алды. Біз міндетті түрде оларды қарастыратын боламыз. Біз Парламентте ұсынған жобаны қабылдау керек деп отырғанымыз жоқ. Мұндай көзқарас жоқ. Бізге келіп түскен әліпбидің үлгілерінің кейбіреулері қайталанады, кейбір үлгілерді әуесқойлар жіберген. Бастысы ұсыныстар бар. Біз олардың барлығын қарастыруымыз керек», - деп баса айтты Ербол Тлешов.

Сонымен қатар, бүгінде 1 600-ден астам ұсыныстар жиналды.

«Біз оларды мемлекеттік тіл турыл сұрақтар және әліпбиге қатысты сын пікірлер тақырыбы бойынша қарастырдық. Біздің отандастарымызды жаңа әліпби қазақстандықтардың өміріне қалай әсер етеді деген сұрақ қатты толғандырады. Көптеген тұлғаларды әріптердің дыбысталуы қатты ойландырылады, себебі біз бір әріп бір дыбысты білдіргенге үйреніп кеткенбіз, ал жаңа нұсқада диграфтар бар. Диграфтар адамдарды үркітіп отыр», - деп атап өтті ол.  

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика