Рухани жаңғыру

Латын әліпбиіне көшуге ғылыми процесс ретінде қарау қажет - филологтар (ВИДЕО)

Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуіне арналған баспасөз конференциясы барысында А. Байтұрсынов атындағы Тілдер институтының аға ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы Әлімхан Жүнісбеков латын әліпбиіне көшуге ғылыми және ғылыми-лингвистикалық процесс ретінде қарау қажеттігі туралы айтып берді.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 14:08

«Латын әліпбиіне көшуге механикалық әрекет ретінде кеңінен қарау қажет. Қазіргі уақытта қазақ тілінің орфографиясында дәлсіздіктер өте көп және біз осы сәтті түзеуіміз керек. Бірінші мәселе - қазақтың төл дыбыстарының құрамын анықтау, қазақ дыбыстарының жүйесін сипаттау, морфологиялық, буын құрылымын ретке келтіру қажет. Біздің алдымызда қазақ тілінің ішкі заңдарына сәйкес  келтіруге қатысты күрделі міндеттер тұр. Қандай да бір нұсқаның қабылданғаны туралы айтуға болмайды. Ол әлі тек ұсынылып отыр. Латын әліпбиіне көшуге ғылыми процесс, ғылыми-лингвистикалық процесс, ғылыми-лингвистикалық іс-қимыл ретінде қарау қажет», - деп атап өтті ғалым.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуін іске асыру туралы айтып берген болатын. 

 

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев





Яндекс.Метрика