Рухани жаңғыру

Қ.Асылов латынға көшу туралы: Ешқандай алаңдаушылық болмауы керек (ВИДЕО)

Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру туралы ҚР МСМ Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің төрағасы Қуаныш Асылов Астанада журналистерге арналған баспасөз конференциясында айтып берді.
Астана қаласы 01 Қазан, 12:46

«Реформа  өте қажет, себебі латын бір елдің әліпбиі  емес. Латын әліпбиіне  көшуге байланысты кейбір мәселелерге қатысты еш алаңдаушылық болмауы керек.  Шаралардың кезеңдік жоспары әзірленді, оның аясында  біз жоспарлы, кәсіби түрде  жұмыс істейтін боламыз», - деді Тілдерді дамыту комитетінің басшысы.

Қуаныш Асыловтың айтуынша, латын әліпбиіне көшу мәселесіне әзірлеушілер саналы түрде келді.

«Биылғы жылы  бағдарламалық мақалада аталмыш реформаны  тәжірибелік түрде жүзеге асыруға бастау қойылды. Латын әліпбиіне көшу  терең логикаға ие және ол Қазақстанның әлемдік   ғылыми-оқыту,технологиялық кеңістікке интеграциялануын қарастырады.  Әлем халқының  80 пайызы латын әліпбиін қолданып, ортақ инновация мен техниканың тілін игерді.  Латын әліпбиіне көшу – қажет, уақыт талабына сай жүргізілетін үрдіс. Көшу мәселесі қоғамда біраз талқыланды. Қосылу үрдісіне филологтар, сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері қатысты. Біз бұл үрдіске саналы түрде келдік. Болашақта жұмыс жүйелі әрі кезеңмен жүзеге асырылады», - деді ол.

Қазақ тілінің  латын әліпбиіне көшуі қазақ тілінің графикасының өзгеруіне ғана алып келеді.

«Президент айтып өткендей, латын әліпбиіне көшу орыс тілінен бас тарту деген сөз емес.  Тіл саясатының ұстанымы Қазақстанда тұратын   барлық этностың тілін сақтап қалу, өзгертілмейді. Латын әліпбиіне көшу бойынша жұмыс тобының қалыптасуы кезінде біз  жұмыс  ғылыми түрде жүргізілуі керектігін ескердік. Қазақ тілінен бөлек, жұмыс тобына кириллица, орыс тілі, ағылшы тілі мен еуропалық, түркі тілдерінің мамандары қосылды. Тіл саласының барлық мамандықтары қамтылды. Бұл жұмысты барынша ғылыми түрде жүргізуге мүмкіндік береді», - деді спикер.

Айта кетейік, баспасөз конференциясында латын әліпбиі жұмыс істеу барысында қолайлы және тиімді болуы шарт екендігін  «Wikibilim» қоғамдық қорының жетекшісі Рауан Кенжеханұлы айтып өткен болатын. 

Ақбота Күзекбай 

Видео: Азамат Әлиев 





Яндекс.Метрика