Рухани жаңғыру

Р. Кенжеханұлы: Латын әліпбиіне ауысу технологиялық тұрғыда өте маңызды

Латын әліпбиі жұмыс істеу барысында қолайлы және тиімді болуы шарт, деп мәлімдеді «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған баспасөз конференциясында.
Астана қаласы 01 Қазан, 11:56

«Мен желіде қазақ контентін тарататын және платформалар мен жүйелерді құрумен айналысатын қоғамнанмын. Контентті аудару және оны тарату бойынша жұмыстар өте көп. Сондықтанда бұл құрал жұмыс барысында өте ыңғайлы және тиімді болуы маңызды. Реформа бойынша бастауларды біз жылы қабылдаудамыз, екінші мәселе ол қалай жүзеге асырылатынында», - деді спикер.

Рауан Кенжеханұлының айтуынша, әліпби 26 классикалық латын әліпбиіне негізделеді.

«Ол біздің әліпбиді ыңғайлы түрде қөргіміз келетін қалауымызбен сай келеді. Біз қиындықтар тудыратын қосымша белгілерді көргіміз келмейді. Қазақ тілді мәтінмен жұмыс істейтіндер бұл жағдайды түсінеді. Мысалы, сіз қазақ тілінде мәтін жазып жатырсыз делік, алайда санды жазу үшін сіз басқа тілге ауысуыңыз керек, сызық жазуыңыз үшін тағы да тіл ауыстырасыз. Осылайша біз үш тілді қайта қайта ауыстырып отырамыз. Бұл ыңғайсыз. Ал, телефонның жағдайы мүлдем бөлек, тіпті кейбіреулері қазақ тілінде мәтін жазбайды. Бұл ауысу біз үшін технологиялық тұрғыда өте маңызды», - деп түйіндеді Р. Кенжеханұлы.      

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика