Көліктік-логистикалық жүйенің дамуы

ҚТЖ-да жоспарлаудың ықпалдасқан жүйесі іске қосыла бастайды

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ында жоспарлаудың ықпалдасқан жүйесі кезең-кезеңімен 2020 жылға дейін енгізіледі, деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 12:36

Аталмыш жоспарлау жүйесі Компанияның барлық саласындағы көрсеткіштердің өзара байланысын қамтамасыз етіп, бірыңғай ақпараттық кеңістікте жоспарлау жүйесін қамтамасыз етеді. Оның ішінде Компанияның құрылымдық бөлімшелері, еншілес кәсіпорындары, сонымен қатар тапсырыс иелерімен қазіргі өзара байланысы одан сайын оңтайландырыла түседі.

ҚТЖ» ҰК» АҚ Қаржы жөніндегі вице-президенті Жаслан Мадиевтің айтуынша, «жаңа жүйе Компанияның ішкі және сыртқы қызметін жедел бағалап, тиімді басқару шешімін қабылдауға мүмкіндік әпереді.

Оның айтуынша, «жүйе жоспарлаудың барлық кезеңдерінде жетілдіріле түседі. Оның ішінде стратегиялық қаржылық көрсеткіштерді бекіткенге дейін көліктік қызмет сұраныстарын анықтауға, өндірістік- қаржылық көрсеткіштерді нақтылай түсуге мүмкіндік әпереді».

Аталмыш жүйе Бизнесті транформациялау бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда. Айта кетерлігі, ықпалдасқан жоспарлау жүйесі стратегиялық бағдарламасының маңызды бағыттары өндірістік-қаржылық жоспарлауды модельдеу, технологиялық операцияларды және өндірістік активтер мен ресурстарды барынша оңтайландыруға жұмсалады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Жоспарлаудың ықпалдасқан жүйесі» жобасын жүзеге асырудың стратегиялық мәселесі Компанияның қаржы жөніндегі вице-президенті Ж. Мадиевтің төрағалығымен өткізілген кеңесте жан-жақты талқыланды.

 





Яндекс.Метрика