Халықаралық интеграция

Астанада ТЖ кезінде Қазақстан, Беларусь және Ресей арасындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқылануда

Астанада Беларусь Республикасының ТЖМ, Қазақстан Республикасының ІІМ және Ресей Федерациясының ТЖМ V Бірлескен алқа отырысы өтуде, деп хабарлады ҚР ІІМ ТЖК.
Астана қаласы29 Қыркүйек , 20:43

Отырыс жұмысына бейінді ведомстволардың министрлері қатысуда. 

Министрлер халық пен аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау, трансшекаралық сипаттағы ТЖ-ға қатысты әрекет ету саласындағы анағұрлым өзекті мәселелерді талқылауда. 

Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов атап өткендей, бірлескен алқа отырысының негізгі міндеттері бірлескен қызметтің стратегиялық бағыттары мен нысандарын анықтау болып табылады. 

«Бірлескен алқа отырысының негізгі міндеттері бірлескен қызметтің стратегиялық бағыттары мен нысандарын, үш елдің төтенше жағдайлар жөніндегі органдары мен бөлімшелерінің ТЖ алдын алу мен жоюға бағытталған өзара іс-қимыл жасау тәртібін  анықтау, мамандарды кәсіптік оқыту және біліктілігін арттыру саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру, қызметтің осы бағыты бойынша бағдарламалар мен оқу құралдарын әзірлеу, материалдық-техникалық базаны жетілдіру және дамыту, халық тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру болып табылады», - деді Қ. Қасымов.

ТЖК-да атап өткендей, отырыс қорытындылары бойынша хаттама қабылданып, талқыланған мәселелер бойынша одан әрі ынтымақтастық жасау, тәжірибе алмасу және табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ алдын алу мен жою саласындағы іс-шараларды орындау бойынша тапсырмалар беріледі. 




Яндекс.Метрика