Экономика

Т. Сүлейменов ШҚО-дағы инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысын жоғары бағалады

ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов Шығыс Қазақстандағы инвестициялық жобаларды іске асыру жұмысына жоғары баға берді. Бұл туралы ол Өскеменде ауыл әкімдерінің республикалық форумы аясында өткен кеңес барысында мәлім етті.
Шығыс Қазақстан29 Қыркүйек , 15:37

Ведомство басшысы атап өткендей, Шығыс Қазақстан облысында халықаралық қаржы институттарымен, сондай-ақ мемлекеттік-жеке меншік әріптестік бойынша жұмыс тиісті деңгейде жүргізіліп жатыр. 

Бүгінгі күні өңірде 160 млрд теңге сомасына экономиканың әр түрлі салаларын қамтитын 168 МЖӘ жобасы іске асырылу үстінде. Атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау, дене шынықтыру және спорт, ТКШ және көлік инфрақұрылымы. ЕДҚБ-мен 40,5 млрд теңге сомасына үш алдын ала келісімге және 6 несиелік шартқа қол қойылды, ҚР Үкіметінің қатысу үлесі  7,8 млрд теңгені құрайды. Ірі жобалардың ішінде Өскемен және Семей қалаларында сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін жаңарту, көшелерді жарықтандыру жүйелерін орнату және басқалары бар. 

«Өңірде күрделі жұмыс жүргізіліп жатыр және оны одан әрі жалғастыру қажет. Сондай-ақ Азия даму банкінің несие ресурстарын пайдаланып, қарыздарды ҚР ұлттық валютасында беру қажет», - деп атап өтті Т. Сүлейменов.

 



Яндекс.Метрика