Энергетика

Астананы газдандыруға 200 млрд теңгеден астам қаражат қажет

Астананы газдандыру жөніндегі техникалық-экономикалық негіздеме дайын, деп хабарлады elorda.info.
Астана қаласы 29 Қыркүйек, 11:39

«Бүгінгі күні осы жоба бойынша ТЭН аяқталды. Астана қаласын газдандырудың бірнеше тарихи бағдары, соның ішінде Қостанай облысынан бағдар қаралған болатын. Яғни газ құбыры желісін Ақмола облысы арқылы Көкшетау-Бурабай бағдарымен Астанаға өткізу жоспарланды. Нәтижесінде Бейнеу-Бозой-Шымкент бағдарынан бастап Қызылорда облысы Қараөзек компрессорлық станциясынан Қарағанды-Теміртау арқылы Астанаға дейін газ құбырын салу арқылы елорданы газдандырудың баламалы нұсқасы қаралды », - деп хабарлады ҚР энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында. 

Оның айтуынша, жоба құны 200 млрд теңгеден астам құрайды. 

«Біз қазір тек магистральды желі құрылысы туралы ғана айтып отырмыз, бұдан бөлек, әрбір елді мекенді газдандыру едәуір қаржы шығынын талап ететінін түсіну қажет. Сондықтан, осы газ құбыры бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Осы мәселе бойынша Үкімет деңгейіндегі шешімді күтудеміз», — деді спикер.

Вице-министр қазіргі кезеңде жобаны іске асыруға әр түрлі қаржыландыру көздерін тарту мәселелері зерттеліп жатқанын атап өтті. 





Яндекс.Метрика