«Нұрлы жол» – Қазақстанның даму жолы

«Нұрлы жер»: Маңғыстау облысында ЖТҮ бойынша жер телімдерін пайдалану мәселесі қарастырылды

Облыс әкімі Ералы Тоғжановтың төрағалығымен Ақтау қаласы және қала маңындағы ықшам аудандарының құрылыс жоспарына қатысты облыстық кеңестің отырысы өтті.
Маңғыстау 29 Қыркүйек, 10:44

Жиында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында жобаларды талқылап, жекеменшік тұрғын үй құрылысы бойынша жер телімдерін тиімді пайдалану мәселесі қарастырылды. Алқалы бас қосуда «GRADO» ЖШС жобалау мекемесінің бас сәулетшісі Бағдат Жақыпов құрылыс жобасымен таныстырды.

Облыс әкімдігі хабарлағандай, аталмыш құрылыс жоспары бекітілсе, әуежай бағытындағы жол бойына тұрғын үй, мектеп, балабақша,  сауда орталығы бой көтереді. Жаңадан салынатын ықшамауданға электр жарығын тартып,  газ жүргізу және жол салудың тиімді тұстарын ұсынды.

 ««Нұрлы жер» бағдарламасын негізгі мақсаты еліміздегі баспана мәселесін шешудің тиімді жолдары ұсына отырып., тұрғын үй құрылысының жұмыстарын реттеу. Облыс әкімі Ералы Лұқпанұлы аталмыш бағдарламаны өңірде іске асыру жұмыстары басталып кеткенін атып өтті. Сондай-ақ ол – «Нұрлы жер» бағдарламасы  облыстың әлеуметтік-экономикалық,әл ауқатын арттырып, құрылыс саласына жаңа қарқын әкеледі», - деді аймақ басшысы Ералы Тоғжанов.

 





Яндекс.Метрика