Өңірлер

Алматыда 284 км жаңа су құбыры жүйелерін іске қосылады

Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек жұмыс барысында қаланың инженерлік және көлік құрылымының құрылысын қадағалады.
Алматы қаласы29 Қыркүйек , 08:43

Қала әкімдігі хабарлағандай, Алматы қаласы әкімі мердігерлерге сапалы жол төсемімен қамтамасыз етуді және жөндеу жасалған аймақты көгалдандыруды назарға ілгізді.

Энергетика басқармасы және коммуналдық шаруашылық басшысы Ермек Усенбаев мәлім еткендей, жылыту жүйесінің жөндеуі аяқталуға жақын екен және жоспарға сай жылыту кезеңіне қарсы аяқталады.

Сонымен, Төле би көшесінің жөндеу жұмыстары Сайран су қоймасы мен Масанчи, Қазыбек би көшелерінің бөліктерінде жол төсемдерін  көгалдандырумен  бірге 10 қазанда аяқтау жоспарланған.

Баишев  және Тобаяков көшелері бөліктерінде  толықтай техникалық бөліктерін аяқтау 12 қазанға  жоспарланған.

20 қыркүйекте Абай көшесінің бойымен Есентай  өзені арқылы  өтетін көпір  жөндеу құрылысының қозғалысы ашылды. 1964 жылдан бергі  апатты жағдайдағы  көпірдің күрделі жөндеуі жүру жолағын 6-ға дейін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Жаңа көпірден өту жолы жасалды, негізгі өзен арналары бетондалды, арналар өзгертілді, кедергілер және қоршаулар жасалды.

Екі жақтан бөлу қоршауларында сумен толтырылған қауіпсіздік  аралықтары бар. Яғни жол апаты болса, соғылуды жұмсарту мақсатында жасалған.

Қазіргі уақытта көпір құрылымында көпірден өтер жаяу жүргіншілерге арналған жол жасалынуда және осы аумаққа көгалдандыру жүргізілуде.

Еске салар жайт, 32 км тротуар, 182 км жол,14,7 км және  57 көшеде 42,2 км арық жүйелері, 317 км су құбырын жөндеп жасау, 265 км канализация,32 км жылу жүйесіне  осы жылы қаражат бөлінді. 284 км жаңа су құбыры жүйелерін іске қосу –  175 мың адамы бар 35000  тұрғын үйді орталықтанған сумен қамтамасыз  етуге мүмкіншілік береді.

 




Яндекс.Метрика