АШК – Қазақстан экономикасының драйвері

Батыс Қазақстан облысында ауылдық шағын несиелеуге қосымша 600 миллион теңге бағытталады

«WestKazInvest-2017» IV халықаралық инвестициялық форумы барысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі және «Атамекен» ҰКП арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Батыс Қазақстан28 Қыркүйек , 19:54

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, Орал қаласында «WestKazInvest - 2017» IV халықаралық инвестициялық форумы өтуде, мақсаты - Батыс Қазақстан облысының компаниялары мен жаңа нарықтарға шығуды көздейтін шетелдік компаниялар арасында өзара тиімді серіктестік құру болып табылады.

Іс-шараның негізгі тақырыптарының бірі - агроөнеркәсіптік кешен, оның ішінде ауыл шаруашылығын дамыту, ауылшаруашылық өнімдерді өңдеу және өңірдің экспорттық мүмкіндіктері.

«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» аймақтағы ауыл шаруашылығы кооперативтерін және олардың мүшелерін дамытуға бағытталған бірнеше қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асырады. Жеңілдетілген несиелер республикалық және жергілікті бюджеттердентартылған, сондай-ақ Қордың жеке қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Инвестициялық форум барысында қол қойылған меморандум Батыс Қазақстан облысы ауылдарында, моноқалалары мен шағын қалаларында шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсетуді көздейді. Келісім аясында 600 млн. теңге көлемінде шағын несиелер беріледі деп күтілуде.

«Шағын несиелеуге Қор тарапынан 300 млн. теңге және БҚО әкімдігі тарапынан 300 млн. теңге бөлініп, қаржыландыру жоспарланып отыр. Бұл қаражат шаруа және фермерлік шаруашылықтарға, жеке кәсіпкерлерге - шағын және орта бизнесті несиелеуге бағытталады» - деді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Бақыт Құдасбаева.

Несие беру шарттары өте қолайлы: жаңа бизнеске 5 млн. теңгеге дейін несиелер, ағымдағы бизнесті кеңейту үшін 8 000 АЕК-ке дейін несие берілетін болады. Несие мерзімі - 4,5 жылға дейін, пайыздық мөлшерлемесі - 6%, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 6,7% -дан аспайды.

Жалпы, Батыс Қазақстан облысында «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының» қатысуымен 25 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды, оның ішінде 22 ет бағытында және 3 сүт бағытындағы. Олар 1093 шағын шаруашылықты біріктіріп отыр.Бүгінгі таңда 6 батысқазақстандық кооператив 90,5 млн. теңге көлемінде, кооперативке кірген660 шаруашылық 1 млрд. 980 млн. теңге көлемінде несиелералды. Қор қаражатының көмегімен модульдік сою және сүт қабылдау бекеттері, 2,6 мыңнан астам мал басы сатып алынды.

 




Яндекс.Метрика