Ұлттың денсаулығы

Қарағанды облысында тұмауға қарсы екпе басталды

Қарағанды облысында тұмауға қарсы екпе салу кампаниясы бастау алды. Биылғы жылы «НПО Петровакс Фарм» ЖШҚ ресейлік компаниясының «Гриппол ПЛЮС» вакцинасының 150 мың данасы сатып алынған.
Қарағанды 28 Қыркүйек, 18:57

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай,  жергілікті бюджеттен тұмауға қарсы вакцинаны сатып алуға 130,7 млн теңге бөлінген. Екпе тегін түрде халықтың әлеуметтік тұрғыдан анағұрлым әлсіз тобына жасалатын болады. Бұл санатқа енетіндер: инфекция жұқтыру үлкен қаупі бар медицина қызметкерлері; әлсіз, жиі ауыратын 3 жасқа дейінгі балалар; иммундық жүйесі, бүйрек, бронхо-өкпе және жүрек-қан тамырлары созылмалы ауруларына шалдыққан науқастар.

Сонымен қатар тегін екпе дәрмектері екінші және үшінші триместрдегі жүкті әйелдерге, балалар және жетімдер үйінің тәлімгерлеріне, 60 жастан асқан қариялар және қарттар үйінің қамқорлығындағы адамдарға егіледі. 

Азаматтар тұмауға қарсы екпені ақылы түрде де салғыза алады. Вакцинаның бір дозасының құны 1100 теңгеден 2500 теңгеге дейін барады. Бұл бағаларды әр медициналық мекемелер өз бетінше анықтайды. «Гриппол ПЛЮС» вакцинасы аймағымызда осыған дейін де қолданылған. Дәрмектің құрамында А (H3N2 и H1N1) және В типтес маусымдық тұмау вирусының антигендері бар. 





Яндекс.Метрика