Ұлт жоспары 100 нақты қадам

Өскеменде ШҚО Достық үйінің 25 жылдығы мерекеленуде

Өскеменде Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божконың қатысуымен «Қазақстандағы және іргелес аумақтардағы этнодемографиялық үдерістер» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын бастады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Шығыс Қазақстан28 Қыркүйек , 17:11

28-29 қыркүйекке жоспарланған іс-шара Өскемен қаласындағы облыстық Достық үйінің 25 жылдығы аясында ұйымдастырылуда.

25 жылдың ішінде Достық үйі 100-ден астам этникалық өкілдер тұратын Шығыс-Қазақстан аймағындағы бірлік пен тұрақтылық,  этносаралық келісімнің сақталуына айтарлықтай үлес қосқан ірі қоғамдық бірлестіктердің біріне айналды.

Владимир Божко форум қатысушыларына арнаған сөзінде, Шығыс Қазақстан облыстық Достық үйі 1992 жылы Мемлекет басшысы Н.А.Назарбаевтың бастамасымен құрылғанын айтты.

Вице-спикер атап өткендей, 2016 жылғы 23 қарашада Парламент депутаттары бірауыздан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  25 жылдығының Декларациясын қабылдады.

«Ол Тәуелсіз Қазақстанның құрылуына және қалыптасуына айтарлықтай үлес қосқан Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық бағытының берік ұстамдылығын дәлелдей түсті», - деді В.Божко.

Конференциядан басқа іс-шаралар жоспары бойынша Мәжіліс депутаттары Владимир Божконың, Ирина Унжакованың және Роман Кимнің қатысуымен Қазақстан халқы тілдері күніне және Достық үйлері директорларының жиынына арналған мерекелік концерт ұйымдастырылады.

 




Яндекс.Метрика