Экология

Биыл Ақтөбеде 13 жаңа гүлзар мен аллеялар ашылды

Ақтөбеде мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтіп жатқан «Туған жер» республикалық форумының қатысушылары Қазақстандағы алғашқы «Денсаулық саябағында» болды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Ақтөбе 28 Қыркүйек, 19:13

Қалалықтар үшін жаңа демалыс орнын ашу - облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасы және ол медициналық қоғамнан белсенді қолдау тапты.

Бүгін саябақ аумағында 1500-ден аса ағаштар мен бұталар егіліп, турник алаңдары, веложол, футбол алаңдары, үстел теннисі, субұрқақ орнатылды. Ағаштардың дені алыс-жақын шетелден келген қонақтардың, отандық медицина саласының үздіктерінің және алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың қолымен отырғызылған.

Осы жылы Ақтөбе қаласының аумағында 34 жаңа саябақ пен гүлзарлар салу жұмыстары басталған болатын.

«Қаланы көркейтіп тұратын гүлзарлар мен саябақтар жасыл қорды толтырып, қалалықтардың жайлы демалыс орнына айналады. Оларды мемлекеттік мекемелер, ірі ұйымдар мен кәсіпорындар өз күштерімен тұрғызуда. Жобаларына байланысты жаңа демалыс орындарында спорттық және балалар алаңдарын, веложолдар мен жаяужолдар орнатуда», - деп хабарлады әкімдік.

13 жобаның жүзеге асырылуы ендігі аяқталды. Мәселен, Болашақ шағын ауданында «Made in Aktobe» жаңа гүлзары ашылған болатын. Ақтөбеліктердің бос уақыттарын өткізетін тағы бір жаңа орын қаржыгерлер мен экономистердің «100 теңге» бейнесіндегі таңбалы сәулеттік пішінімен ерекшеленетін саябағы болды.

Осы жылы қаланы көгалдандыру үшін 1 млрд-тан астам теңге бөлінді.

 





Яндекс.Метрика