Үкімет

2018 жылы аграрлық ғылымды дамыту үшін 4,2 млрд теңге бөлінеді

2018 жылы аграрлық саланың ғылыми-зерттеу жұмыстарын зерттеуге республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы ауыл шаруашылығының вице-министрі Гүлмира Исаева Үкіметте өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 14:32

«Келесі жылы аграрлық саланың   ғылыми-зерттеу  жұмыстарын зерттеуге  республикалық бюджеттен 4,2 млрд теңге  бөлу қарастырылған. Бұл атқарылып жүрген істерді  жалғастырып, жаңа ғылыми әзірлемелерді  қаржыландыруға мүмкіндік береді. Оған қоса, технологияларды енгізуге ерекше назар аударылуда, себебі аграрлық ғылымды бизнес  қызығушылығына бағыттауымыз керек. Біздің бизнес  жаңа инновациялық технологияларды енгізгені дұрыс, ал біздің ғалымдар  фермерлермен қатар, аталмыш технологияларды енгізуге жәрдемдесулері керек», - деді Гүлмира Исаева.

Жалпы, 2018-2020 жылдар аралығында  қазақстандық аграрлық ғылымды дамыту үшін  12,6 млрд теңге қарастырылған.

Вице-министр  ЭКСПО-да таныстырылған аталмыш технолгияларды енгізу әлеуеті  туралы айтып өтті.

«Мәселен,  Нидерланд павильоны  ЭКСПО-2017-де  жылу шаруашылығы бойынша   11 технологияны таныстырды.  Айта кетерлігі, Ақтөбе облысында  «Green house» жобасы бар. Жылу шаруашылығының  осындай технологиясы Қазақстанда енгізілген болатын.Аталған технологиялар  әлемде енді таныстырылып жатыр. ҚазАгроҚаржы  аталмыш жобаны қаржыландырды», - деді Г.Исаева.

Айта кетейік,Үкіметтегі   баспасөз конференциясында ведомствоның вице-министрі қытайлық инвесторлар Қазақстанда кеспе  шығаратын зауыт салуға мүдделі екендігін айтты.

Ақбота Күзекбай





Яндекс.Метрика