Үкімет

ҚР АШМ ЭКСПО-2017 көрмесінің 66 аграрлық инновациялық технологиясын іріктеп алды

ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінде ұсынылған ауыл шаруашылығы саласындағы инновациялық технологиялар туралы ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева ҚР Үкіметіндегі баспасөз конференциясында айтып берді.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:56

Вице-министрдің айтуынша, аталмыш саладағы инновациялық техналогиялар ұлттық, халықаралық павильондарда  және «Үздік тәжірибе аймағы» павильонында ұсынылды.

«Қазақстанда қолдану ықтималдығымен ауыл шаруашылығы үшін 15 елден 66 жаңа технология іріктеліп алынды. Олардың арасында ауыл шаруашылығы қалдықтарынан энергия және жанғыш материалдар алу, балдыр биомассасын, тыңайтқыштар алу технологиялары, дәнді дақылдар өсіру технологиялары, ауыл шаруашылығы аймақтары үшін бейне-мониторингтің  ұшқышсыз авиациялық кешендерін пайдалану және т. б. инновациялық жобалар бар», - деді сөз басында Гүлмира Исаева.

Бұдан басқа, ауыл шаруашылығының тиімділігін арттыруға болатын қазақстандық зерттемелерде көрме барысында таныстырылды.  Айта кетерлік жайт, қазақстандық ғалымдар ауыл шарушалығы саласында күн мен жел энергиясын тиімді пайдалануды зерттеуде.

«Егер технологиялар тұрғысында қарайтын болсақ, онда біз жел энергиясын тиімді пайдалану ретінде ұсынылған инновациялық технологияларды пайдалана аламыз. Бұл өте қызықты  технология, оны АҚШ пен Қазақстан ұсынды. Сонымен қатар австриялықтар мен Түркіменстанның күн энергиясын пайдалану бойынша 2 технологиясын қолданысқа енгізу үшін ала аламыз. Олар шалғайдағы жайылымдарды күн мен жел энергиясын барынша тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, италиялық және испаниялық ғалымдардың технологиясы өте үлкен қызығушылық тудырды, ол өсімдіктен энергия алуға мүмкіндік береді», - деді спикер.

Жалпы, көрме барысында ауыл шаруашылығында пайдалануға болатын түрлі инновациялық технологиялар мен шешімдер ұсынылды. Бүгінде қазақстандық ғалымдар олардың экономикалық тиімділігін бағалауда.

Гүлмира Исаеваның айтуынша, іріктеліп алынған технологиялар ғылыми-сараптамалық баға алу мақсатында «ҰАҒБО» КЕАҚ салалық институттарына жіберілді.

«Осылайша, біз «Экспо-2017» аясында әлемдік жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарымен және әзірлеушілермен ынтымақтастық орнаттық. Көрме ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етті және Қазақстан мен өзге елдер арасындағы қарым-қатынасты жандандыруға көмек беретін заманауи инновациялық агротехнологияларды бағалауға үлкен мүмкіндік берді»,- деп түйіндеді Г. Исаева.

Ақбота Күзекбай




Яндекс.Метрика