Ұлттың денсаулығы

Денсаулық сақтауды дамыту Республикалық отралығы халықаралық сертификатқа ие болды

Денсаулық сақтау саласындағы Сапа жөніндегі жөніндегі халықаралық қауымдастықтың Атқарушы кеңесі 2017 жылдың 29 тамызында сарапшылар дайындау жөніндегі ұлттық оқу бағдарламасы сапаның халықаралық қағидаттарына сәйкес екендігі туралы кезекті шешімін шығарды.
Нұр-Сұлтан 28 Қыркүйек, 15:36

Денсаулық сақтау министрлігінің  баспасөз қызметі хабарлағандай,  халықаралық қағидаттарға сәйкестік сертификаты 2021 жылдың тамыз айына дейін жарамды.  

Бұл ДСДРО Аккредиттеу орталығының төрт мүмкіндіктен ISQua халықаралық қағидаттарына сәйкес төртінші сертификаты.

Естеріңізге саламыз, 2017 жылдың басынан ДСДРО сапаның әлемдік стандарттарына сәйкес келетін ISQua аккредиттеуші ұйым ретінде танылды, стационарларға арналған стандарттар бойынша және амбулаториялық-емханалық ұйымдарға арналған стандарттар бойынша ISQua сертификаттарын алды.

Осының арқасында ДСДРО Аккредиттеу орталығы барлық бағдарламалар бойынша ISQua аккредитациясын алған ТМД және Шығыс Еуропа аймақтарындағы бірден-бір ұйым атанды.

Бұл Қазақстанның медициналық ұйымдарын аккредиттеу жүйесі ең жоғары деңгейдегі халықаралық талаптарға сәйкес келеді дегенді білдіреді және ДСДРО Аккредиттеу орталығы үдерістер әдістемелері және  ұйымдастыру жағынан  Joint Commission International (АҚШ) и Accreditation Canada (Канада) секілді халықаралық ұйымдармен бір қатарда тұрады.

Сонымен, ДСДРО Аккредиттеу орталығы аккредиттеуші орган ретінде, сондай-ақ консалтингтік компания ретінде халықаралық деңгейге шығуға мүмкіндік алды.

Аккредиттеу жүйесінің халықаралық талаптарға сәйкестігінің дәлелденіп, расталуы  Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында жоспарланған маңызды қадам. 

 





Яндекс.Метрика