Білім беру

Қазақстандық мектептерде кәсіпкерлік және бизнес негіздері оқытылады

Қазақстандық мектептерде кәсіпкерлік және бизнес негіздері оқытылады. Бұл туралы баспасөз конференциясында «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев мәлімдеді.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 12:31

Үш жыл бойы атқарылған жұмыстың нәтижесінде «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні 2018 жылдан бастап 10 және 11 сынып оқушыларының оқу бағдарламасына енгізу жоспарда.

«Осы орайда, «Біздің басты мақсатымыз – кәсіпкерлік ойлауды мектеп қабырғасынан дамыту. Сүт қалай өңделетіндігі, сатылу бағасы мен тауар құнын есептеуді ауылдық ортада өскен бала білу қажет. Қазіргі таңда жастар ғаламтор мүмкіндіктерін кең ауқымда қолданады. Әлеуметтік желі арқылы өздері ұнататын кәсіпкерлер мен танымал тұлғалар әрдайым жастардың назарында. Пәнге деген қызығушылықты арттыру мақсатында тәжірибесі мол бизнесмендерді оқу барысына қатыстыру қажет деп есептейміз»,- деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев.

Егер осы уақытқа дейін «экономика негіздері» факультатив сабақ ретінде оқытылса, енді жаңа бағдарламаның шеңберінде екпін нақты кәсіпкерлікке түседі. Пән арқылы мектеп оқушылары арасында отансүйгіштік сезімдерін оятып, өмірлік қажетті және тәжірибелік маңызы бар білімді тиімді жеткізуге болады. Бұл мақсатта «геймификация» тәсілі қолданылады. Геймификация дегеніміз ақпаратты ойын арқылы жеткізу әдісі.

«Біз халықаралық бағдарламалардың тәжірибесін зерттедік, нәтижесінде біздің бағдарлама интерактивті болып шықты және геймификация қағидалары мен бизнес-кейстерді зерделеуге негізделген: 40% – теория, 15% – бизнестен нақты мысалдар, 45% – ойын түріндегі тәжірибелік тапсырмалар. Неліктен геймификацияны алып отырмыз? Себебі кәсіпкерлік дегеніміз тарих немесе математика емес, кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, түсіну», – деді Ермек Дүйсенханов.


ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «Атамекен» ҰКП бірлесе «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін әзірлеу жұмысының жобасын жүзеге асырудың жоспарын дайындады. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Бибігүл Асылованың айтуынша келер жылдың көктемінде 3500 жуық мұғалімді қайта даярлаудан өткізу жоспарда.

Оқытудың бірінші сатысынан 150 мың оқушы өтеді. Алдыңға қатарлы елдердің тәжірибесіне сүйенсек, бұл пән арқылы жастар арасында бәсекелестіктің дамуын алға қою мүмкіндігін баса айтты вице-министр. Кәсіпкерлік негіздеріне қатысты оқулық жазуға бизнесмендер мен осы саладағы сарапшылардың өздері де қатыса алады.

Жобаның ұйымдастырушылары бизнес-қоғамдастықты қазірден бастап жұмыс барысына қатысып, ұсыныстар беруге шақырып отыр. Үздік ұсыныстар оқу материалының негізіне енгізіледі.
 

 




Яндекс.Метрика