Энергетика

Е. Қошанов ЖЭО-2 жылыту маусымына қаншалықты дайын екенін тексеріп қайтты

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов Теміртау қаласындағы ЖЭО-2-де болып қайтты. Станциядағы жөндеу кампаниясы әлі жалғасуда, деп хабарлады Қарағанды облысының әкімдігі.
Қарағанды 28 Қыркүйек, 11:13

Нысан ерекше бақылауда. Аймақ басшысы энергия көзінің жылыту маусымына қаншалықты дайын екенімен танысты.

Теміртау қаласының тұрақты жылумен қамтылуы - өзекті мәселе. Өткен жылы қыста қаланың жылыту жүйесі үнемі ақсап, тұрғындары жаураған жағдай бұдан былай қайталанбауы тиіс.

Жөндеу кампаниясына бөлінген қаражат биыл 2,5 есеге ұлғайтылды. 2017-ші жылы «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы ЖОЭ-2 қысқа дайындау үшін 2,7 млрд теңге бөлген.

Теміртау қаласында жылыту маусымы 1-ші қазанда басталады. Компанияның мәлімдеуінше, жылыту маусымының басына қарай қаланы тұрақты жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін жөндеуден өткен бес қазандық жұмыс істейтін болады. Алтыншы қазандық қарашаның 15-де іске қосылады деп уәде берілді. Турбиналық цехте де жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. № 2 турбогенератордың күрделі жөндеуі 30-шы қыркүйекте аяқталады деп жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда суға қатысты жағдай түзелді. Көпшілікке белгілі, оның сапасы өте төмен болы, соның салдарынан құбырларымыз бітеліп, жиі ақаулар пайда болатын», - деді «АрселорМиттал Теміртау» АҚ атқарушы директоры Вадим Басин аймақ басшысына.

ЖОЭ-2 басшылығы қысқа қарай әр қазандықтан екіден, жалпы 8 бойлер жұмыс істейтінін айтып отыр. Отын қоры да қамтамасыз етілген - қазірдің өзінде 312 000 тонна көмір мен 35 000 тонна мазут сатып алынған. 

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Анатолий Шкарупа қыс айлдарында нағыз аяз кезінде жылу энергетикалық орталықтарының жиі істен шығуы мәселесін көтерді. Өткен жылыту маусымында жылыту қазандықтарында жөндеуден өткеніне қарамастан апаттық кідірістер болған - ол дегеніміз жөндеудің сапасыз жасалғанын көрсетеді. 

Жуырда да құбырдағы қаяуға байланысты бір ай бұрын күрделі жөндеуден өткен № 5 қазандықты тоқтатуға тура келген.

« Ондай болып тұрады. № 5 қазандық жөндеуден жақсы шыққан. Жеті тәулік жұмыс істеген соң, жаңа құбырда тесік пайда болды. Біз 1 500 иректүтіктерді айырбастадық, соның біреуі ғана жарылып кетті», - деп түсіндірді Вадим Басин.

 «АрселорМиттал Теміртаудың» бас директоры Парамжит Калон алдағы уақыттағы жоспарда компания мердігерлердің біліктілігін тексеріп, жұмыс сапасын бақылап отыратын мониторинг бойынша халықаралық топты жалдауды жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Біз сараптама өткіздік те, бұрындары кейбір ымыраларға жол берілгенін анықтадық - біліктілігі төмен және тәжірибесі аз мердігерлер жалданғаны белгілі болды», - деді ол.

« Біз Еуропалық қайта құру және дамыту банкіне құжаттар дайындап жатырмыз. Сыртқы инвестицияларды жұмырдыруға тырысудамыз. Егер теріс жауап келсе, жаңғырту жұмыстарын өз күшімізбен өткіземіз», - деп мәлімдеді Парамжит Калон.

Ерлан Қошанов басты міндетті еске салды - қала тұрғындарына жайлылықты қамтамасыз ету.

Облыс әкімі болашақ туралы ойлану керектігін - қазірден бастап қарашаның ортасында құжаттар дайын болатындай ЖЭО-2-нің 2018-ші жылға көзделіп отырған жөндеу жұмыстары жоспарын қазірден бастап әзірлеу керектігін тілге тиек етті. 

 





Яндекс.Метрика