Білім беру

Астана әкімдігі үздік білім беру мекемелерін марапаттады (ФОТО)

Астана қаласының әкімдігі білім беру жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мейрамының құрметіне елорданың үздік білім беру мекемесін марапаттады.
Нұр-Сұлтан28 Қыркүйек , 08:47

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешовтың атынан елордалық мұғалімдерді әкімнің орынбасары Малика Бектурова құттықтады.

«Біз жыл сайын елордалық мектептерге қаржы бөлуді арттырып келеміз, мысалы, 2017 жылы өткен жылмен салыстырғанда әр мектепке екі есе көп қаржы бөлінді. Ағымдағы жылы шамамен барлық мектептерде, яғни 74-76 мектепте құлтеміртехникасы сабағы басталды. Сонымен қатар, келер жылдың соңына дейін барлық мектептер SMART мектептер болады, олардың барлығы келер жылдыңсоңына дейін барлық қажетті технологиялармен, WI-FI-мен жабдықталады. Бұл ақпараттық технологиялар саласында алдыңғы қатарда болуға мүмкіндік береді. Барлық ұстаздарды кәсіби мерекелерімен құттықтаймын», - деді  М. Бектурова.

Дәстүр бойынша әкімнің арнайы гранттарымен келесі номинациялар бойынша мектептер  марапатталды: «Үздік мектеп» - №3 мектеп-гимназиясы, «Үздік мектепке дейінгі білім беру мекемесі» - №37 «Арман» балабақшасы, Үздік қосымша білім беру ұйымы – «Балалар сурет мектебі», «Үздік колледж» -  «Гуманитарлық колледж» МҚКК, «Үздік арнайы ұйым» - «№1тпсихологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» МҚКК.

Шара аясында білім беру мен баланы тәрбиелеу саласында жетістіктерге қол жеткізген педагогтар ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Ы. Алтынсарин» және «Қазақстан Республикасының құрметті білім қызметкері» құрметті төс белгілерімен марапатталды.

Марапаттау рәсімі мерекелік концертпен жалғасып жатты.

Атап өтер болсақ, бүгінде Астана қаласының білім беру саласында 15 мыңға жуық педагог қызмет етеді, оның 87%-дан астам бөлігі жоғары білімді мамандар.

 

Ақбота Күзекбай

Фото Азамат Әлиев




Яндекс.Метрика