Басқару

Қорғаныс министрі Президентке министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде баяндады

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
Нұр-Сұлтан27 Қыркүйек , 18:19

Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді.

Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.

 

 

 

 




Яндекс.Метрика