Ұлттың денсаулығы

Қарағандыда алғаш рет 3D режимде лапароскопиялық ота жасалды

Қарағандылық дәрігерлер жапондық әріптестерінің тәжірибесін қабылдады. Қарағандыға шеберлік-сынып өткізу үшін Күн шығыс елінен Симанэ университетінің профессоры Йошихиро Носо келді. Шет елдік маманды Қарағанды мемлекеттік медициналық университеті шақыртқан екен.
Қарағанды 27 Қыркүйек, 18:57

Қарағанды облысының  әкімдігі хабарлағандай,  ЖОО-ның Медициналық орталығында қыркүйектің 25-і мен 29-ы аралығында «Хирургия және онкологиядағы инновациялық технологиялар» шеберлік-сыныбы өтеді. Оған интерн-дәрігерлер мен хирургия саласының резиденттері қатысады. 

Лапароскопиялық оталар 3D режимде ең жаңа шет елдік құрылғылармен жасалуда.

«3D экраны бар, іш құрылысының ауқымды бейнесін көрсететін технология қолданылды. Мұндай жабдық кез-келген клиникада бола бермейді. Мен сіздердің құрылғыларыңызға таң қалып отырмын. Сіздердің медициналық орталықтарыңыз өте жақсы жабдықталған», - деп бағалады жергілікті орталықтың жағдайын Йошихиро Носо.

Жаңа технологиялар медицина қызметкерлерінің мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.

«Лапароскопиялық оталардың белгілі-бір шектеулері болады, біз операция барысында органдардың қаншалықты терең орналасқанын көре алмаймыз. Ал 3D режим немесе стерео-режим, былайша айтқанда, бұл кемшілікті жояды деп айтуға болады», - деді ҚММУ № 2 хирургиялық аурулар кафедрасының меңгерушісі Ермек Тұрғұнов. 

 

 





Яндекс.Метрика