Білім беру

Талдықорғанда 125 орындық жеке меншік балабақша ашылды

Талдықорғанда Қала күні мерекесіне орай «Bambini» балабақшасы ашылды. Бұл жекеменшік балабақша 125 орынға лайықталған, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
Алматы 27 Қыркүйек, 17:57

Осы қуанышпен ата-аналар мен балабақша ұжымын құттықтаған қала әкімі Бағдат Қарасаев облыс орталығында 3 пен 6 жас аралығындағы балалардың 92,5 % мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылғанын атап өтті.

Жыл аяғына дейін бұл көрсеткішті 94-95% жеткізу көзделген. Жалпы, Талдықорғанда 61 балабақша жұмыс істейді, оның 37-сі – жекеменшіктің иелегінде.

 





Яндекс.Метрика